Су ресурстары және ирригация министрі Түркістан облысындағы бірқатар нысандарды аралады

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 20:59

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Мақтаарал, Шардара, Отырар және Бәйдібек аудандарын аралады,- деп хабарлайды turkistan.today

Бірқатар нысанның жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев су нысандарында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларды баяндады. 

Алдымен, министр Мақтаарал ауданындағы орталық «Мырзашөл» қашыртқысының (ЦГК) жағдайымен танысты. Қазақтан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан егістік алқаптардан шығатын дренажды суларды қашыртқылауға арналған нысан 1930 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 84,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде еліміздегі үлесі – 56,15 шақырым (Мақтарал – 26,85 шақырым, Жетісай – 29,30 шақырым). Су өткізгіштік қабілеті – 120,0 м3/сек. Қазақстан аумағынан жылына шамамен 122,0 млн. м3 дренажды сулар «Мырзашөл» қашыртқысына тасталады.

Мақтаарал ауданында Нұржан Нұржігітов өңір тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті. Жиында салаға қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақтарға жауап берілді. 

Жұмыс сапары Шардара ауданындағы «Шардара» су қоймасында жалғасты. Министр нысанның техникалық жағдайымен танысып, шаруалармен кездесті. Бұл су қоймасының сыймдылығы 5,2 млрд.м3 болса, өткізгіш қабілеті – 2 927 м3/сек. Бөгеттің ұзындығы – 5 шақырым. 

Сонымен қатар министрге 2011 жылы пайдалануға берілген «Көксарай» су реттегіш нысанының техникалық жағдайы таныстырылып, өзекті мәселелері айтылды. Нысанның  жалпы  жобалық су көлемі 3,0 млрд.м3. КСР кешеніне кіретін нысандардың техникалық жай-күйінің беріктігі төмендеген. Қазіргі таңда ыза суының көп мөлшерде шығуына байланысты 1,5 млрд.м3-тан артық су жинау мүмкіндігі жоқ. Мәселені шешу мақсатында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті тапсырмасымен  ЖСҚ әзірленді. Жобаны 3 кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда.

Осы күні Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Отырар ауданына іссапармен барып, «Алтын Дала Мақта» мақта өндеу зауытының жұмысын бақылады. Шетелдік инвестор Сюй Цземен кездесіп, жоспарларын тыңдады. Инвестор Түркістан облысында мақта өсіру және мақта-тоқыма кластерін құру бағытында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниетті. Ол 47,6 млрд.теңгеге су үнемдеу технологиялары арқылы мақта дақылын өсіру жобасын қолға алып, 750-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Сонымен қатар Отырар ауданында 3 зауыттың құрылысы басталды. Нақтырақ айтқанда, 2 мақта өңдеу зауыты және тамшылатып суару жүйесін шығаратын кәсіпорын салынады. Одан бөлек, мақта кластерін құру жобасы аясында «Түркістан» арнайы экномикалық аймағында 5 зауыт құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, жіп иіру, мата, бояу және әрлеу, тігін фабрикалары мен ПВХ құбырларын өндіретін кәсіпорны ашылады. Жалпы инвестиция көлемі – 57,0 млрд.теңге. Нәтижесінде, 2900 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Сондай-ақ министр Бәйдібек ауданына барып, «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысымен танысты. Нысанның құрылыс жұмыстары – 40%, апаттық ағытушы каналдың жұмыстары 90% орындалған. Құрылыс басында 60 жұмысшы, 30 техника жұмыс атқаруда. Жоба аяқталғанда каналдың бойындағы 9,7 мың гектар суармалы жер тұрақты ағын сумен қамтамасыз етіледі. Су қоймасы Балабөген және Үлкен бөген өзендерінің қиылысқан жерінен салынады.

Өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Нұржан Нұржігітов аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына жұмыс қарқын бәсеңдетпеуді тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.