Түлкібас ауданында инвестициялық құны 68 млрд теңгеге жуық 10 жоба жүзеге асады

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 21 қараша, 2024

2024 жылдың 10 айында аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 81 млрд 519,2 млн теңгені құрады

Түлкібас ауданында 2025 жылы жалпы инвестициялық құны 67,5 млрд теңгені құрайтын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Одан түсетін болжамды салық көлемі  97,7 млн теңгені құрайтын болады,- деп хабарлайды turkistan.today

Сонымен қатар, 858 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жоспарға енген жобалардың ішінде «Састөбе инновациялық кешені» ЖШС зауыты бар. Онда каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк өндірілмек. Сонымен қатар, «Azia Food Company» ұн диірмені де алдағы жылы толықтай іске қосылады деп күтілуде. Бұл жайында Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«2024 жылдың 10 айында аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 81 млрд 519,2 млн теңгені құрады. Ал, шағын және орта бизнес нысандарының саны 9 787-ге жетіп, 13 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. 2025 жылы аталған саланы дамыту мақсатында жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын, 22 жоба іске асырылмақ. Бұл жобалар толықтай іске асырылса 226 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан бюджетіне қосымша 138 млн теңге салық түседі деп күтілуде»- деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, ауданды туристік аймаққа айналдыру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде өңірде 36 туристік нысан жұмыс істейді. Ал, келер жылы құны 3,1 млрд теңгелік 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Көзделген мақсат толықтай іске асса, 235 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, Түлкібас ауданындағы ауылшаруашылық өнімінің көлемі жыл басынан бері 46 млрд 452 млн теңгені құраған. 2025 жылы да аталған саланы дамыту мақсатында 8 жоба іске асырылмақ. Инвестициялық құны 15,5 млрд теңгені құрайтын жобалар арқасында 97 азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік алады.

Аудандағы инфрақұрылым саласы да ілгері жылжыған. Нақтырақ айтар болсақ, ауыз су саласы бойынша 59 елді мекеннің 58-і орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, аудандағы 21 135 тұрғын үй, яғни 99,8 %-ы табиғи газ жүйесіне қосылған. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.