Соңғы жылдары Түркістан облысы гендерлік саясатты дамытуда еліміз бойынша ең серпінді өңірлердің біріне айналды. Әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлықтың алдын алу және әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуын арттыру бағытында көптеген нақты нәтижелер бар,- деп хабарлайды turkistan.today
Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 31,9%-ында әйел адамдары басшылық жасайды. Яғни Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер – әйел.
“Әйел кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы "Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы" өткен жылдың қараша айында Түркістан қаласында құрылды. Орталықтың мақсаты – кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау. Бүгінгі күні орталыққа 2000-нан астам кәсіпкер әйелдер, бастаушы стартапер келіншектер кеңес алу үшін жүгінді”, – делінген хабарламада.
Қазір Түркістан облысында 5658 мемлекеттік қызметкердің 1564-і немесе 27,3%-ы – әйелдер. Оның ішінде 249-ы немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады. Ал ең көп әйел азаматтары білімі беру мен денсаулық саласында екен.
Түркістан облысында бизнесті дөңгелетіп жүрген әйелдерді "Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы" ҚБ бір арнаға тоғыстырады. Сондай-ақ кәсіпкер әйелдердің құқығы үшін қызмет ететін "Сана сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы" ҚБ бар.
Түркістандағы дағдарыс орталығы
“Түркістанда "Сенім-Ай" ҚБ-нің "КӨМЕК" дағдарыс орталығы бар. Әкімдік дағдарыс орталығымен тығыз байланыс орнатып, әйелдер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жиі кездесіп, пікір алмасады. Жәбірленген қыз-келіншектерге құқықтық көмек көрсетіп, зорлық-зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер беріліп жатыр”, – деді комиссия мүшесі.
Айтуынша, жергілікті жерлерде үкіметтік емес ұйымдармен 2024 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарлары бекітілген. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін тұрғындарға зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ақпарат ұсынылады дейді.
“Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау жұмысының тиімділігін арттыру бойынша мүдделі органдармен, үкіметік емес ұйымдармен, қоғамдық кеңестермен жұмыстың ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының қатаң бақылауында”, – дейді комиссия өкілі.
Былтырғы деректер бойынша, Түркістан облысында мемлекеттік органдарда нақты қызмет атқаратын 5650 мемлекеттік қызметшінің ішінде әйелдердің саны – 1543, оның ішінде 236 басшылық қызметте лауазымдарда қызмет атқарады. Яғни, әйелдер қоғамымыздыңбарлық салаларында да, белсенділік танытып, ер-азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, облысымыздың өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті қызмет етуде. Облыс бойынша 213 мыңнан аса кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуық шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды.
Статистикаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің
31,9%-ында әйел адамдары басшылық жасауда. Яғни, Түркістан өңірінде жұмыс жасайтын әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлері болып саналады.
Әйел кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» өткен жылдың қараша айында Түркістан қаласында құрылды. Орталықтың мақсаты – кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау. Бүгінгі таңда орталыққа 2 мыңнан астам кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер, бастаушы стартаперлер кеңес алу үшін жүгінді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.