Түркістан: Келес ауданында 3 жайлы мектеп пен еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені салынуда

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 14 ақпан, 2025

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысы, Келес ауданында 3 мектептің құрылысы басталған,- деп хабарлайды turkistan.today

Қазіргі таңда 1 мектептің құрылысы аяқталып, 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, Ғани Мұратбаев елді мекені мен Абай ауылында 600 орындық, Біртілек елді мекенінде 300 орындық білім ұялары бой көтеруде. 

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданына жұмыс сапары барысында Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі жайлы мектептің құрылыс барысын тексеріп, мердігерлерге нақты тапсырмалар берді.

Білім ұясы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС жүргізуде. 2,2 гектар аумақта орналасқан мектеп ғимаратының жалпы ауданы – 4710 шаршы метр. Мұнда 50 жұмыс орны ашылады. Нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға қабылданған. Мектепті өңірде шығарылатын отандық жиһаздармен жабдықтау жоспарланған. Бүгінде «Ақниет холдинг» ҚБ жиһаздарды орнату жұмыстарын жүргізуде. Білім ұясын жуық арада пайдалануға беру көзделген. 

Одан кейін, аймақ басшысы Жаңадәуір ауылында орналасқан «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС-нің жылыжай кешенінде болды.

Кешеннің І кезеңі биыл жүзеге асады. Жылыжай 51 гектарға орналасқан. Бұл жобаны 2023 жылы ресейлік жеке инвестор қолға алды. Жобаның құны – 42 млрд. теңге. Нысан соңғы үлгідегі ресейлік технологиямен құрылуда. Өнімнің негізгі бөлігі Ресей Федерациясына экспортталады. Жалпы жылыжай кешенін 500 гектар аумаққа орналастыру жоспарланған. Жоба 6 кезеңмен жүзеге аспақ. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.