Түркістан облысындағы ана мен балаға арналған бағдарламалар бойынша деректерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды turkistan.today
Өткен жылы медицина ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 9 млрд, ал мамандардың біліктілігін арттыруға 125 млн қаражат бөлінген. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 43 маман шет елдерде, соның ішінде 36 маман Ресейде оқытылды. Ал 7 маман Түркияда біліктілік арттырды. 600 маман балалық шақтағы ауруларды бірлестіре жүргізу бағдарламасы бойынша оқудан өткен. Облыс әкімінің тарапынан 60 грант бөлініп, қазіргі таңда 37 маман резидентурада оқуда.
Биыл медицина ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 7,3 млрд, мамандардың біліктілігін арттыруға 121 млн қаражат жоспарлануда. Сонымен қатар облыс әкімінің тарапынан 139 грант бөлініп, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатқан ауыр науқастарға ғылыми орталықтың дәрігерлеріне практикалық кеңес өткізілді. Ал консультативтік-диагностикалық емханада ауданнан келген науқастарға консилиум жасап, жаңа туған нәрестеге ота жасау барысында тәжірибелерімен бөлісті. Түркістандық хирург мамандарына лекция оқып, дәріс жүргізді.
Ана мен бала денсаулығын сақтау — Түркістан облысы үшін басты әлеуметтік басымдықтардың бірі. Бұл бағытта өңірде кешенді шаралар іске асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Бүгінде Түркістан облысының халқы 2,2 миллионнан асады. Оның ішінде репродуктивті жастағы әйелдер — 433 мыңнан астам, ал 18 жасқа дейінгі балалар — 900 мыңға жуық. Жыл сайын облыста орта есеппен 54 мың сәби дүниеге келеді.
— Ана мен баланың денсаулығы — қоғамның әл-ауқаты мен болашағының айнасы, ұлттың тұрақты дамуының кепілі.Бұл салада тек көрсеткіштерге ғана емес, нақты нәтижеге жұмыс істеуіміз керек. Жүйелі бақылау, білікті кадрлар, қолжетімді диагностика және заманауи технологиялар — біздің негізгі құралымыз. Инфрақұрылым, кадр және технология өзара үйлесімді жұмыс істеуі тиіс, — деді облыс әкімі.
Өңірдегі жоғары демографиялық өсім денсаулық сақтау жүйесінен сапа мен тиімділікті талап етеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, соңғы екі жылда ана мен бала өлімі тұрақты түрде төмендеген. Бұл оң өзгерістер профилактикалық скринингті кеңейту, перинаталдық көмекті жетілдіру және кадрларды даярлау сапасының артуынәтижесінде мүмкін болды.
Жүктілік кезінде ұрықтың даму патологияларын ерте анықтау — ана мен бала өмірін сақтаудың басты құралы.Бүгінде өңірде пренаталдық скринингпен қамту деңгейі 88%-ға жетіп, бұл көрсеткіш халықаралық стандарттарға жақындап отыр. Осы мақсатта 47 ультрадыбыстық диагностика (УДЗ) маманы оқытылып, оның ішінде 12 маман Ұлыбританияның Fetal Medicine Foundation (FMF) халықаралық сертификатына ие болды. Осы шаралар нәтижесінде туа біткен даму ақауларын ерте анықтау көрсеткіші 4%-ға артқан.
Сонымен қатар, «Аңсаған сәби» бағдарламасы Түркістан облысында нақты нәтижелерге жеткізуде. Бедеулікпен күрес және экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) қызметтерінің қолжетімділігі артып келеді. Соңғы төрт жылда бағдарлама аясында 780 бала дүниеге келді. Оның ішінде 84 егіз және 2 үшем тіркелген. Бұл қызметтер Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы тұрғындарға тегін ұсынылуда. Бұл — әлеуметтік әділеттіліктің және медициналық көмектің тең қолжетімділігінің айқын көрінісі.Айта кетелік, осы жылдың қаңтар айында Түркістанда «Ана мен бала» орталығының құрылысы басталды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.