Түркістан облысы: Ана мен балаға арналған бағдарламалар

Түркістан 12 қыркүйек, 2025

Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, бай тарихи және мәдени мұрасы бар аймақ. Бұл облыс ана мен бала денсаулығын қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау көрсету бағытында көптеген бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда. Ана мен бала – қоғамның негізгі тірегі, олардың денсаулығы мен әл-ауқаты мемлекет тарапынан ерекше назарға алынған,- деп хабарлайды turkistan.today

Жүктілік кезінде ұрықтың даму патологияларын ерте анықтау – ана мен бала өмірін сақтаудың басты құралы. Бүгінде өңірде пренаталдық скринингпен қамту деңгейі 88%-ға жеткен. Бұл – халықаралық стандарттарға жақындаған жоғары көрсеткіш. Бұл мақсатта 47 УДЗ маманы оқытылып, оның 12-сі Ұлыбританиядағы Fetal Medicine Foundation (FMF) сертификатына ие болған. Осы шаралардың нәтижесінде туа біткен даму ақауларының ерте диагностикасы 4%-ға артқан.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы Түркістан облысында нақты нәтижелерге жеткізуде. Бедеулікпен күрес және экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) қызметтерінің қолжетімділігі артып, соңғы 4 жылда бағдарлама аясында 780 бала дүниеге келген. Оның ішінде 84 егіз және 2 үшем тіркелген. Бағдарлама шеңберінде қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы тегін көрсетілуде. Бұл – әлеуметтік әділеттіліктің және медициналық көмектің тең қолжетімділігінің нақты көрінісі.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың қатысуымен Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталығында «Ана мен бала денсаулығын сақтау – перинаталдық көмекті жетілдірудің өзегі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға еліміздің 20 өңірінен келген денсаулық сақтау саласының мамандары, және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысты.

Жиын барысында ана өлімін төмендету, кадрлық әлеуетті нығайту, инфрақұрылымды жаңарту, телемедицина мен цифрландыруды дамыту мәселелері талқыланып, әр аймаққа жетекші орталықтардан үйлестірушілер бекітілді. Жиын барысында қатысушылар №3 орталықтағы неонаталдық, телемедициналық, диагностикалық бөлімдердің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысындағы жетекші медициналық мекеме – №1 Облыстық перинаталдық орталыққа арнайы барып, мекеменің ана мен бала денсаулығы бағытындағы жұмысымен танысты. Мұнда 2025 жылдың алғашқы 4 айында 2335 босану тіркеліп, 542 кесар тілігі жасалды.

Айта кетейік, мұндағы жаңа технологиялар мен «Дені сау ана» пансионаты, Катамнез кабинеті, триаж жүйесі сынды жаңашылдықтар орталықтың жұмыс тиімділігін арттыратын мүмкіндіктеріне айналған. Сондай-ақ, өткен жылы ашылған Ұрықты қорғау орталығы (ЦОП) мен клинико-диагностикалық зертхана жүкті әйелдер мен сәбилерге жоғары дәлдікпен медициналық қызмет көрсетіп келеді. Орталық бүгінде Түркістан облысының 8 ауданына кураторлық және санитарлық авиациялық көмек көрсетіп, өңірлік медицинаның дамуы қарқын алған.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.