Түркістан облысы: Ана мен бала денсаулығының маңызы

Түркістан 26 қыркүйек, 2025

Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, бай тарихи және мәдени мұрасы бар аймақ. Бұл облыс ана мен бала денсаулығын қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау көрсету бағытында көптеген бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда. Ана мен бала – қоғамның негізгі тірегі, олардың денсаулығы мен әл-ауқаты мемлекет тарапынан ерекше назарға алынған,- деп хабарлайды turkistan.today

Өткен жылы медицина ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 9 млрд, ал мамандардың біліктілігін арттыруға 125 млн қаражат бөлінген. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 43 маман шет елдерде, соның ішінде 36 маман Ресейде оқытылды. Ал 7 маман Түркияда біліктілік арттырды. 600 маман балалық шақтағы ауруларды бірлестіре жүргізу бағдарламасы бойынша оқудан өткен. Облыс әкімінің тарапынан 60 грант бөлініп, қазіргі таңда 37 маман резидентурада оқуда.

Биыл медицина ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 7,3 млрд, мамандардың біліктілігін арттыруға 121 млн қаражат жоспарлануда. Сонымен қатар облыс әкімінің тарапынан 139 грант бөлініп, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатқан ауыр науқастарға ғылыми орталықтың дәрігерлеріне практикалық кеңес өткізілді. Ал консультативтік-диагностикалық емханада ауданнан келген науқастарға консилиум жасап, жаңа туған нәрестеге ота жасау барысында тәжірибелерімен бөлісті. Түркістандық хирург мамандарына лекция оқып, дәріс жүргізді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау – Түркістан облысы үшін басты әлеуметтік басымдықтардың бірі. Бұл бағытта өңірде кешенді шаралар жүзеге асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Облыс халқы бүгінде 2,2 млн адамнан асады. Репродуктивті жастағы әйелдер саны – 433 мыңнан астам, ал 18 жасқа дейінгі балалар – 900 мыңға жуық. Жыл сайын орта есеппен 54 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. 

– Ана мен баланың денсаулығы – қоғамның әл-ауқаты мен болашағының айнасы, ұлттың келешегі мен тұрақты дамуының негізі. Біз бұл салада тек көрсеткіштермен емес, нақты нәтиже мен өмірлік маңызы бар шешімдермен жұмыс істеуіміз керек. Жүйелі бақылау, білікті кадр, қолжетімді диагностика және заманауи технологиялар – біздің басты құралымыз. Инфрақұрылым, кадр, технология – бәрі өзара үйлесімді жұмыс істеуі тиіс, – деді облыс әкімі.

Осындай демографиялық серпін денсаулық сақтау жүйесінен жоғары сапа мен тиімділікті талап етеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, соңғы екі жылда ана мен бала өлімінің көрсеткіштері тұрақты түрде төмендеген. Бұл оң динамика профилактикалық скрининг, перинаталдық көмек және кадр дайындығы жүйесіндегі сапалы өзгерістердің нәтижесі.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.