Елімізде халық саны тығыз орналасқан Түркістан облысында 5 мыңнан аса отбасы баспана кезегінде тұр,- деп хабарлайды turkistan.today
Олардың басым көпшілігі - ауыл тұрғындары. Өзекті мәселені шешу үшін биылдан бастап шалғай аудан мен ауылдардан тұрғын үйлер салына бастады. Ал мереке қарсаңында жаңа баспана Ордабасы, Созақ, Шардара ауданы мен Кентау қаласында тапсырылды.
Темірлан ауылының тұрғыны Қарлығаш Игібаева көпбалалы ана ретінде үй кезегіне тіркелген. Алты баланы өмірге әкелген келіншек қазір отбасымен туыстарының үйін паналап отыр. Үй иелері қайта көшіп келсе, пәтер жалдауға тура келеді. Ал көпбалалы отбасыға пәтер табу қиын.
Қарлығаш Игібаева, көпбалалы ана:
"Бір жолдасымның айлығымен үй де ала алмаймыз. Үй де сала алмаймыз".
Қазір Ордабасы ауданында 223 тұрғын баспана кезегінде тұр. Жуырда соның 12-не жаңа үйдің кілті табысталды. Су жаңа баспананың бірі сегіз баланың анасы Бағила Татаеваға берілді. Алтын алқасы бар ана жылдар бойы пәтер жалдап, күнелткенін айтады. Көшіп қонудың азабын тартқан отбасы мүшелері көп қиыншылықты да бастан өткізген. Ақыры жаңа баспанаға қол жеткізді.
Бағила Татаева, көпбалалы ана:
"Әйтеуір қиналып, жұмыс істеп, бала-шағамды өсірдім. Елу мың квартираға төлейміз. Жаңа жылға күшті сыйлық болды. Көшіп келеміз".
Ал шалғай орналасқан Созақ ауданында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы 48 отбасы баспаналы болып, оларға жаңа пәтердің кілті табысталды. Жаңа баспаналар су және жылу жүйелерімен қамтылып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау болып саналады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.