Түркістан облысы білікті дәрігерлерді жұмысқа шақырады

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 1 тамыз, 2025

Түркістан өңірінде 250-ден астам бейінді дәрігер жетіспеушілігі анықталып отыр. Анестезиолог және реаниматология, акушерлік-гинекология, неврология, кардиология, неонатология, травматология-ортопедия, офтальмология, оториноларингология, клинический фармаколог, инфекционист, онколог мамандары тапшы,- деп хабарлайды turkistan.today

Облыс әкімінің  орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша,  аймақтың медициналық  мекемелері осы салаларда тәжірибесі бар кадрларды жұмысқа қабылдауға дайын. 

– Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасымен медицина саласына үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Өңірде 24 мыңнан астам медицина қызметкері халыққа еңбек етуде. Дегенмен демографиялық жағынан көш бастап тұрған Түркістан облысы үшін білікті дәрігерлер қажет. Осы мәселені шешу мақсатында облыс әкімдігі 5 жылдық жоспар бекіткен болатын. 2023-2029 жылдары резидентураға 675 грант бөлініп, жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылды. 2023-2024 оқу жылында түскен 176 резидент Астана, Алматы, Қарағанды және Түркістан қалаларындағы медицина университеттерінде білімін жетілдіруде. Кадрлар дайындалып жатыр. Оларға бір ғана шарт қойылған. Міндетті түрде Түркістан облысына келіп, денсаулық сақтау ұйымдарында қызмет көрсетуі тиіс, – дейді Бейсенбай Тәжібаев. 

Биыл да бұл игілікті іс жалғасын тапты. Облыс әкімдігі тарапынан резидентураға 75 грант белгіленіп, 145,4 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда тапшы мамандықтардың тізімі әзірленді. Денсаулық сақтау басқармасы және еліміздегі жетекші университеттер арасында гранттарды бөлу жұмыстары жүргізілуде. Үміткерлердің аталған конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.