Түркістан облысы өңдеу өнеркәсібіне басымдық беруде

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 21:40

Түркістан облысы өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөліп, шетелдік инвесторларды тарту арқылы өңір экономикасын әртараптандыруды көздейді,- деп хабарлайды turkistan.today

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жобалар импортқа тәуелділікті төмендетіп, отандық өндірісті нығайтуды мақсат етеді. Бүгін өңір басшысы бірқатар инвесторлармен кездесіп, Түркістан өңірінде кәсіп ашудың тиімді тұстарын түсіндірді. 

Тұрмыстық және кеңсе тауарларын өндірушілер Түркістанды жаңа кәсіп ашу орны ретінде таңдауда. Жоба аясында жоспарланған өндіріс орны жылына 60 мың тоннадан астам тауар өндіруге қауқарлы болады және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.

Бұл саланың нарықтағы импорт үлесі 80%-дан асады, сондықтан өңдеу өнеркәсібіне инвестиция салу арқылы өнімнің отандық үлесін арттыру мүмкіндігі зор. Қағаз өндірісі саласында толық циклді өндіріс қалыптастыру шикізатты өндіруден бастап дайын өнімге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. 

Инвесторлар құрылыс материалдары шығару, ауыл шаруашылығына қажетті құрал-саймандар, өнеркәсіп жабдықтары өндіру салаларына да қызығушылық білдіріп отыр. Мұндай өндірістік әртүрлілік өңірдегі өнеркәсіптік кластерді кеңейтеді, жұмыс орындарын ұлғайтады және өндірістік сапаны арттырады.

Кездесу барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен ашық әрі сенімді байланыс орнатудың маңызын атап өтті. 

– Түркістан облысы – инвестиция үшін қолайлы аймақ. Өндірісті осында орналастыру арқылы сіздерге Орта Азия елдері мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес елдің нарығы қолжетімді болады. Сонымен қатар Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі өңірдің әлемдік нарыққа шығуына зор мүмкіндік береді. Бұл бағытта сауда мен логистиканы дамыту әлеуеті өте жоғары. Біздің тараптан толық қолдау болады. Бұл  – сіздің инвестицияңыздың тиімділігін арттыратын мүмкіндік. Біз әр инвестормен жеке жұмыс істеуге дайынбыз. Кез келген мәселе бойынша менің жеке телефоныма тікелей хабарласыңыздар. Біз үнемі байланыстамыз, –  деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Әкімдік инвесторларға салықтық жеңілдіктерді, экспорт және логистика бағытындағы көмек көрсетуді, өндірістік ғимараттарды қамтамасыз етуді ұсынады. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы сияқты индустриалдық парктерде өндіріс үшін дайын инфрақұрылым бар және тиісті қолдау пакеттері жасалуда.

Жобалар іске асса жаңа жұмыс орындары ашылады, импортқа тәуелділік төмендейді, өңірдің өнеркәсіп әлеуеті артады, білікті кадрлар даярлау деңгейі өседі әрі өндірістің халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігі кеңейеді.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.