Гендерлік теңдік — Қазақстанның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Түркістан облысы бұл салада айтарлықтай жетістіктерге жетіп, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда. Облыс әйелдердің кәсіпкерлік, білім, қоғамдық және саяси өмірге қатысуын қолдай отырып, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге күш салып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Түркістан облысының Сайрам ауданында әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету — жергілікті әлеуметтік саясаттың маңызды бағытының бірі. Соңғы жылдары аудан аумағында гендерлік теңдікке бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, аудандағы әйелдердің қоғамдық және мемлекеттік басқару саласындағы үлесі артып отыр. Әйелдер аудандық деңгейдегі басқару құрылымдарында қызмет атқарып, шешім қабылдау процесіне белсенді қатысуда. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында жетекші орындарда жұмыс істейтін әйелдер саны көбейді. Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестер құрамында да әйелдердің белсенділігі жоғары.
Ауданда гендерлік саясатты жүзеге асыратын «Отбасын қолдау орталығы» және «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы» жұмыс істейді.
Бұл мекемелерде: әйелдер мен ерлердің тең құқықтары түсіндіріліп, ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілген. Қиын жағдайдағы әйелдер мен балаларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.
Жастар арасында гендерлік мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектептер мен колледждерде түсіндіру дәрістері мен кездесулер тұрақты өткізіліп келеді. Жастарға тең құқық пен отбасылық құндылықтарды ұштастыра насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Әйелдердің кәсіпкерлікке қатысуын арттыруға арналған тренингтер ұйымдастырылуда.
Ауданда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жедел шаралар қолға алынған. Соның ішінде, сенім телефондары және дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Полиция мен әлеуметтік қызметкерлер бірлесе отырып, зорлық фактілеріне жедел әрекет етеді. Жыл сайын ақпараттық науқандар өткізіледі.
Әйелдердің экономикалық дербестігін арттыру үшін гранттар мен жеңілдетілген несие бағдарламалары қолжетімді. Шағын және орта бизнеске арналған оқыту курстары өткізіледі. Ауылдық жерлердегі әйелдер кәсіпкерлігіне ерекше қолдау көрсетіледі.
Сайрам ауданында гендерлік саясатты дамыту – әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге, қоғамда тең құқықтық мәдениетті орнықтыруға бағытталған. Бұл шаралар өңірдің тұрақты дамуына және әділ қоғам құруға өз үлесін қосып келеді.
Айта кетелік, Түркістан облысында жүкті әйелдерге арналған «Бір күндік клиника» жұмыс істейді.
Түркістан облысында “Бір күндік клиника” – атты бірегей жобасы іске қосылып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Облыстық N2 перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
№2 Облыстық перинаталдық орталығының базасында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы ресми түрде қосылды, онда жүкті әйелдер бір күнде «бір терезе» қағидаты бойынша пренаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтіп, зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін ала алады.
Бірінші және маңызды қадам — дәрігерге уақытылы бару және жүкті әйелді жүктіліктің 10 аптасынан кешіктірмей есепке алу, бұл болашақта уақытылы зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді.
Пренаталдық диагностиканың екінші қадамы жүкті әйелді бақылауды жүзеге асыратын дәрігерден жолдама алу және №2 Облыстық перинаталдық орталықтың Ұрықты сақтау орталығына бару болып табылады. Мұнда бір күнде сараптамалық кластағы аппараттарда ұрықтың скринингтік ультрадыбыстық зерттеуі жүргізіледі, содан кейін хромосомалық ауытқуларға тексеру үшін қан алу жүзеге асырылады.
Пациенттің өмір тарихы, ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі және биохимиялық скрининг деректерін салыстыру тұқым қуалайтын патологиясы бар баланың туу қаупін бағалаумен нәтиже беретін арнайы заманауи компьютерлік бағдарламамен жүзеге асырылады. Қауіп жоғары болған жағдайда, жүкті әйел сол күні генетиктен консультация ала алады.
Кешендегі жаңа тәсіл ықтимал патологияларды ерте кезеңде анықтауға және бір күннің ішінде ұрықтың өмірі мен денсаулығы үшін ең дәл болжамды алуға мүмкіндік береді.
Барлық зерттеп-қарау «Бір күндік клиника» жобасының шеңберінде мүлдем тегін жүзеге асырылады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.