Түркістан облысы: Гендерлік саясат жайлы не білеміз?

Түркістан 13 қыркүйек, 2025

Түркістан облысы бойынша гендерлік саясатқа қатысты деректерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды turkistan.today

Қазіргі жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы
5658 мемлекеттік қызметшінің 1564-і немесе 27,3%-ын нәзік жандылар құрайды. Оның ішінде, 249-ы немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады.
Ал, ең көп әйел азаматтары білімі беру мен денсаулық саласында жұмыс істейді. Облыста отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасудың алдын алу мақсатында «Отбасы бақыт мекені», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Жас отбасындағы қақтығыстар», «Жанұя – бақыт тілегі», «Тәрбие тал бесіктен басталады», «Ұлттық құндылық – отбасы тәрбиесінде», «Тәртіп-тәрбие бастауы», «Отбасы ең үлкен құндылық» тақырыптарында отбасыларға 10 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 500-ге жуық жас отбасы қамтылды.
Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Түркістан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, Түркістан облысы әйелдерді қолдау ҮЕҰ бірлескен жоспар бекітілді.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тарапынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, оларға қатысты жасалатын зорлық–зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық кеңестермен бірлесіп жұмыстар атқарылды.
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, мемлекеттік органдармен бірлесіп, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен, атап айтқанда «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ Түркістан облысының филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ және «Сенім-Ай» ҚБ-нің «КӨМЕК» дағдарыс орталығымен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесіп, пікір алмасылуда. Жәбірленген қыз-келіншектерге құқықтық көмек көрсетіп, зорлық-зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер берілуде.
Жергілікті жерлерде үкіметтік емес ұйымдармен 2024 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарлары бекітілген. Жергілікті жерлерде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністері қызметкерлері тарапынан, тұрғындарға зорлық-зомбылық құрбандарының қорғалатын құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ақпараттар ұдайы ұсынылуда.
Құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында, халық арасында үгіт-түсіндірме жұмысы жүргізіліп, отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға арналған өзекті әлеуметтік тақырыптары, сонымен бірге, әйелдердің құқықтары мен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялануда.
Жалпы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау жұмысының тиімділігін арттыру бойынша мүдделі органдармен, үкіметік емес ұйымдармен, қоғамдық кеңестермен жұмыстың ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының қатаң бақылауында.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.