Түркістан облысы әкімдігінде жұмыспен қамту мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бірінші мәселе туралы Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамасы тыңдалды. Ол жұмыспен қамту саласы бойынша құзырлы органдар тарапынан жүргізілген тексеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі сыртқы талдау нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою және болдырмау шаралары туралы баяндады. Сонымен қоса облыстық прокуратура мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілінің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – 2024 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасының іске асырылу нәтижесі мен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы бойынша облыстық Түркістан облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің директоры Абзал Қазанқапов есеп берді.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарларына, «Мансап» орталықтарының басшыларына жұмыспен қамту шараларын сапалы жүргізуді, бөлінген қаржыны өз мақсатында жұмсауды тапсырды. Субсидияланған және қоғамдық жұмысқа жіберілген азаматтардың жұмысқа баруын қадағалау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, өз ісін дұрыс атқара алмайтын мамандар мен басшыларды жұмыстан босату жөнінде тапсырмалар берді.
Биыл Түркістан облыстық прокуратурасы тарапынан Түркістан облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-не тексеру жұмыстары жүргізіліп, жұмыспен қамту саласына бөлінген қаржылар бойынша кемшіліктер анықталған. Жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыруда бақылауды осалдатқаны үшін кейбір басшы, директор, жауапты мамандарының тәртіптік жауапкершіліктері қаралған. Субсидияланған жұмыс орындарына жолданған азаматтардың жұмысқа қатысу-қатыспауына зерделеу жүргізіліп, еңбек әртібін сақтамаған 3034 адаммен келісімшарт тоқтатылған.
Атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, «Өңірдің жұмыспен қамту» картасы бекітіліп, 118,9 мың жұмыс орнын ашу көзделді. Нәтижесінде 123,7 мың жұмыс орны ашылды. «10 мың тұрғынға 100 орын» бағдарламасы бойынша 23731 жұмыс орны ашылған.
2024 жылы облыста бос және жаңа жұмыс орындарына 43250 адамды жолдау көзделіп, 50148 адам тұрақты жұмысқа жолданған. Тұрақты жұмысқа орналасқандардың 15221-і – субсидияланған жұмыс орындарында еңбек етіп, сол тәжірибе арқылы тұрақты жұмыспен қамтылғандар.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.