Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады,- деп хабарлайды turkistan.today
Сауран ауданының тұрғыны субсидияға қатысты мәселе көтерсе, Бәйдібек ауданынан келген азамат балық шаруашылығын дамыту үшін жалға берілетін жерге қол жеткізе алмай жүргенін жеткізді. Түркістандық тұрғын халыққа қызмет көрсететін нысан салу үшін жер алуға берген өтінішін қанағаттандыруға ықпал етуді сұрады. Сонымен қатар қабылдау барысында тұрғындар аудандардағы инфрақұрылым құрылысының сапасына қатысты шағымдарын ортаға салды.
Нұрбол Тұрашбеков көтерілген мәселелердің заңдылығын тарқатып түсіндірді. Айтылған шағымдар бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімін белгіледі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.