Түркістан облысы әйелдерге арналған мүмкіндіктер бойынша деректерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды turkistan.today
Денсаулық және білім: болашаққа қамқорлық
Түркістан облысында қыз-келіншектердің денсаулығын қорғау мен жастарды тәрбиелеу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
Y-PEER бағдарламасы аясында жастарға репродуктивті денсаулық, қаржылық сауаттылық, буллингтің алдын алу жөнінде семинарлар өткізілуде.
«Болашақ ана» мектебі қыздарға отбасылық өмірге дайындық, ана болу жауапкершілігі жөнінде білім береді.
Ауыл-аймақта ана мен баланы қорғау орталықтары ашылып, жүкті әйелдерге медициналық көмек қолжетімді бола түсті.
Форумдар мен қоғамдық бастамалар
Соңғы жылдары өңірде әйелдерге арналған түрлі форумдар дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.
«Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форумда саясаткерлер, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері бас қосып, әйелдердің ел дамуына қосар үлесін талқылады.
Форумдарда әйелдердің қаржылық сауаттылығы, кәсіби біліктілігі, көшбасшылық қабілеті және денсаулығы басты тақырып болды.
Мұндай алаңдарда жас қыздарға үлгі болатын табысты аналар мен кәсіпкерлердің өмір жолы да кеңінен насихатталуда.
Түркістан облысында әйелдердің қоғамдағы рөлі барған сайын нығайып келеді. Олар кәсіпкерлікте жаңа жобалар бастап, саясатта белсенділік танытып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға атсалысып жүр. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдау шаралары әйелдердің жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына ықпал етуде.
Бүгінгі Түркістан әйелдері – тек отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғам дамуының белсенді қатысушылары. Бұл үрдіс болашақта өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлкен серпін беретіні сөзсіз.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.