Түркістан облысындағы қоғамдағы әйелдердің рөлі бойынша деректерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды turkistan.today
Түркістан облысында мемлекеттік органдарда нақты қызмет атқаратын 5650 мемлекеттік қызметшінің ішінде әйелдердің саны – 1543, оның ішінде 236 басшылық лауазымдарда қызмет атқарады.
Яғни, әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да, белсенділік танытып, ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Бүгінде қазақ әйелі – отбасының ұйытқысы ғана емес, білікті маман, жауапты басшы. Олардың қоғамда алар орны ерекше.
Айта кетсек, соның бірі – Мақтаарал ауданының тумасы 2 қыз, 1 ұл өсіріп отырған ана Балжан Мадиқызы Алипбек.
Мемлекеттік қызметші ретінде алғашқы еңбек жолын 1994 жылы Шардара ауданы, Достық ауылының әкімі болып бастап, қазіргі таңда Түркістан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарады.
Сондай-ақ, 2022 жылдың қазан айында «Ерен еңбегі үшін», 2024 жылы Түркістан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және осы жылдың шілде айында Түркістан облысының «Құрметті азаматы» марапатына ие болған.
Осы тұрғыда, әйелдерді қолдап, оларға мүмкіндіктер жасау – ердің қолына алақан жаймай, ерлермен бірдей табыс тапқан әйелдің отбасында да рөлі артатыны ақиқат.
Айта кетелік, Түркістан облысы әкімі жанындағы бала құқықтары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде облыс көлемінде әйелдер жұмыссыздығын азайту жөніндегі шаралар, Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінен құрылған секторлардың атқарған жұмыстары және өзге де мәселелер қаралды. Мәжілісті комиссия төрағасының орынбасары Малика Жүсіпова жүргізіп отырады.
Сондай-ақ, осы жылдың ақпан айында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ыстамбул Сауда палатасы мен Кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар серіктестік шарттарын талқылап, мүмкіндіктерді саралады. Қауымдастық мүшелері Сабрие Коджабалкан, Мехлика Гидер, Капуджу Аху қазақстандық кәсіпкер әйелдермен іскерлік байланысты нығайту, серіктестікті дамыту бойынша жобаларын таныстырып, ұсыныстарын жеткізді. Нұрбол Тұрашбеков Түркістан өңірінің ерекшеліктерін баяндап өтті.
Жоба аясында Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін арнайы кооперативтер құру, брендинг және коммерцияландыру мәселелері бойынша кеңес беру орталығын ашу ұсынылды. Бұл бастама Түркияда әйелдер кооперативі мен KAISDER бизнес-одағының тәжірибесіне негізделіп, Қазақстанда әйелдерге бағытталған пилоттық кооперативтер құруды көздейді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, азық-түлік және тоқыма секторларында әйелдер кооперативтерін құру жоспарланып отыр.
Жобаның негізгі мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігінің мүмкіндіктерін кеңейту және олардың экономикалық тәуелсіздігін арттыру.
Түркияның Bikoop әйелдер кооперативі мен KAISDER қауымдастығымен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын жоба әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына үлкен ықпал етіп, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтпек. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және әйелдерге экономикалық тұрғыдан теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.