Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, бай тарихи және мәдени мұрасы бар аймақ. Бұл облыс отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуға ерекше мән береді. Отбасы – қоғамның негізгі ұясы, ал оның құндылықтары ұлттық тәрбие мен мәдениеттің негізі болып табылады. Түркістан облысында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған түрлі шаралар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда,- деп хабарлайды turkistan.today
Түркістан қаласындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде үйлердің кезекті құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Нәтижесінде 100-ге жуық отбасыға баспаналы болып, оларға облыс басшысы атынан домбыра тарту етілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тұрғындарға баспана кілттерін облыс әкімі Нұралхан Көшеров табыстап, олардың қуанышын бөлісті.
Тәуелсіздіктің тағы бір жемісі – Түркістан қаласының облыс орталығы атануы. Облыс орталығы атанғанына 7 жыл енді толса да, Түркістан қаласы күллі түркі елдерінің рухани астанасына айналып, шаһарға арнайы заңмен ерекше мәртебе статусы берілді. Шаһардың күннен күнге ажарланып, дамуына өздеріңіз атсалысып, көркейіп келе жатқанына куә болып отырсыздар. Мереке қарсаңында мемлекеттің қамқорлығы сіздерді тағы бір қуанышқа бөлеп отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде баспанамен қамту жұмысы жүруде. Бүгін қаламыздың тұрғындарына баспаналы болып, жаңа пәтерге қоныстану бақыты бұйырды. Біз баспанамен қамту жұмысын облыстағы барлық аудан, қалада жалғастырамыз. Адам үшін ең керегі – баспана. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді аймақ басшысы.
Әкімдіктің мәліметінше, баспана «әлеуметтік осал топ» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Оның ішінде, 48-і көпбалалы отбасылар болса, «әлсіз топ» санатындағы отбасылар – 36. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам азамат баспанаға мұқтаж ретінде тіркелген. Былтыр 961 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл 944 пәтерді иелеріне тапсыру жоспарлануда.
Түркістан облысы Сайрам ауданында Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Азанғазықызы қатысуымен қоғамның өзекті мәселелеріне арналған «Отбасы берекесі» тақырыбында форум өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумда Оразкүл Асанғазықызы сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының отбасы институтын нығайту, демографиялық дамуды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою бағытындағы жасаған әрекеттерін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет қайраткері әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбіріміздің ортақ парызымыз екендігін айтты. Мемлекет заңнамалық тұрғыда қорғау шараларын қабылдағанымен, азаматтық қоғамның бұл процесте белсенді рөлі болуы керек екенін ескертті.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, форум барысында отбасылық құндылықтар мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы пікір алмасулар болып, қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды. Сондай-ақ, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда Оразкүл Асанғазықызының “Отбасы берекесі” атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.
Аталған рухани құндылықта отбасы институтының мәні, оның қоғамдағы орны, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жауапкершіліктері мен сүйіспеншілік туралы жазылған.
Қатысушылар форумның маңыздылығын атап өтіп, оның отбасылық құндылықтарды насихаттау, қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау тұрғысынан үлкен ықпалын тигізетінін айтты.
Сондай-ақ, "Отбасы бақыт мекені" тақырыбында отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры , ұлағатты ұстаз Оразкүл Асанғазықызы арнайы ауданның тұрғындарымен кездесті.
Оразкүл Асанғазықызы ауданға қарасты Ақжар ,Жібек жолы, Жартытөбе ауылдық округтерінің және Сарыағаш қаласының тұрғындары , ауданымыздың әжелер алқасының төрайымдары, ақ жаулықты аналар және жастары қатысуымен өткен кездесуде саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу туралы, келешек ұрпаққа салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сіңіру, бақытты отбасын құрудағы аналардың рөлі, ана тілімізді және елдің әр аймағында жұмыс істеген жылдарындағы өмірлік тәжірибесі туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, кездесу барысында қазіргі заманда болып жатқан түрлі оқиғалар, отбасы берекесі және бала тәрбиесі туралы сұрақтар қойылып, мемлекет және қоғам қайраткерінің пікірі мен кеңестерін тыңдады.
Кездесу соңында мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызына құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.