Түркістан облысындағы отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамыту бағытында соңғы жылдары бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылды. 2024–2025 жылдары қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар өңірдегі отбасы институтын нығайтуға бағытталған,- деп хабарлайды turkistan.today
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу Бұл – ең өзекті мәселелердің бірі. Түркістан облысында тұрмыстық зорлыққа қарсы түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. 2024 жылы облыстағы дағдарыс орталықтарына 1 800-ден астам әйел жүгінген. «111 – Балалар мен әйелдерге арналған сенім телефоны» арқылы 3 мыңға жуық қоңырау түскен. Әр ауданда полиция жанындағы арнайы топтар құрылған. 2024 жылы Түркістан облыстық полиция департаменті БҰҰ-ның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясына қосылып, қоғамдық орындарда ақпараттық науқандар өткізді. Саясаттағы әйелдер Түркістан облысында әйелдердің мемлекеттік басқару жүйесіне қатысуы да артып келеді. Қазіргі таңда облыстық мәслихат депутаттарының 30%-ы – әйелдер. Әкімдік жанындағы түрлі басқармаларда басшылық қызметте отырған әйелдердің үлесі де өсуде. 2025 жылы Түркістан облысы тарихында алғаш рет аудан әкімі қызметіне әйел тағайындалды. Бұл жаңалық қоғамда қызу талқыланып, гендерлік саясаттың нақты жетістігі ретінде бағаланды. Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау оргадары өкілдері, аудан және қалалық комиссия төрағалары селекторлық форматта қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, баяндамалар жасалды. — Мемлекет гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, отбасылық институтты нығайту, ана мен бала құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік қолдау бағытында ауқымды жұмыстарды атқаруда.
Түркістан өңірінде игілікті бастамалар мен жобалар жүзеге асырылып келеді. Әйелдер қауымы сан түрлі саланы меңгеріп, еңбектеніп, елді дамытуға үлес қосуда. Бүгін жиі кездесетін мәселелерді ортаға салу, ұсыныстарды талқылау және шешілу жолдарын қарастыру үшін жиналдық. Сіздер қоғамда белсене іс атқарып, проблемалардың ошақтарын жіті білесіздер. Сондықтан пікірлеріңізді тыңдау — маңызды. Ерте жүктіліктің алдын алу шараларының нәтижесінде көрсеткіш төмендеді. Дегенмен кәмелетке толмағандар арасында және оларға жасалатын құқықбұзушылық азаймай отыр. Көбіне әлеуметтік жетіспеушілік пен отбасылық жанжалдан туындайды. Сондай-ақ қадағалауды жазғы демалыста да елеусіз қалдырмаған абзал. Білім ұяларынан бастап колледждерге дейін, жалпы жергілікті жерлерде бақылауды күшейтіп, жұмысты жандандыруды тапсырамын, — деді Бейсенбай Дәулетұлы. Статистикалық деректерге сүйенсек, 2025 жылдың 7 айында жүргізілген талдау нәтижесінде кәмелетке толмағандармен 69 қылмыс болған. Осыған байланысты Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ, 17 аудан және қалалық «Отбасын қолдау орталығы» КММ ашылып, тиісті міндеттерді орындауда. Бұл орталықтар өмірлік қиын жағдайға тап болған тұрғындарға жан-жақты көмектесуде. Жыл басынан бері 17 орталыққа 3800-дей өтініш келіп түсіп, түрлі бағытта 5 мыңнан аса қызмет көрсетілді. Отбасын қолдау орталықтарында жалпы 284,5 штаттық бірлік бекітіліп, тиісті мамандар еңбек етуде. Айта кетейік, Түркістан облысында халық саны — 2,1 млн адам. Оның 49 пайызы – әйелдер. Республикада көпбалалы аналардың 185 мыңнан астамы Түркістан өңірінің тұрғындары. Бүгінде аймақта 55 мыңнан астам адам немесе 8935 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.