Түркістан облысы: Отбасылық құндылықтарды дамыту

Түркістан 26 қыркүйек, 2025

Түркістан облысындағы отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамыту бағытында соңғы жылдары бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылды. 2024–2025 жылдары қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар өңірдегі отбасы институтын нығайтуға бағытталған,- деп хабарлайды turkistan.today

Комиссия зорлық-зомбылық көрген әйелдерге медициналық және психологиялық көмек көрсетеді. Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық кеңестермен бірлескен жұмыс атқарылуда. Комиссия мемлекеттік органдармен, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерімен, «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ Түркістан облысының филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ және «Сенім-Ай» ҚБ-нің «Көмек» дағдарыс орталығымен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесу ұйымдастырылып, пікірі алмасады. Жәбір көрген қыз-келіншектерге көмек көрсетіліп, зорлық-зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер беріледі. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық миллиондаған адамдарға әсер ететін жаhандық мәселеге айналған. Дегенмен, дүние жүзінде зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсетуге дайын ұйымдар мен бастамалар көбейіп келеді. Бұл жұмыстаы басты рөл зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге жан-жақты көмект көрсететін мамандандырылған орталықтарға тиесілі. Ал әйелдерге көмек көрсету орталықтары мәселенің барлық аспектілерін ескеретін кешенді әдісті қолданады. Бұл жай ғана жедел жәрдем емес, физикалық және писхологиялық денсаулықты қалпына келтіруге көмектесетін маңызды қолдау жүйесі. Өңірде әйелдерді қолдау және қорғау мақсатында жұмыс істеп жатқан орталықардың басты мақсаты да осы. Айта кетсек, Түркістан қаласында «Қамқорлық» отбасы орталығын ашылған. Отбасы орталығы негізгі 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Олар: психологиялық қолдау көрсету, құқықтық жәрдем беру, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс жүргізу, медиаторлармен бірлескен жұмыс (отбасындағы проблемалармен ажырасудың алдын алу, құқықтық көмектер) жүргізу, өз кәсібін игеруге ықпал ету, үй жағдайында жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, денсаулық сақтау және және көші-қон бойынша мәселелерін шешу, тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсету, мұқтаж аналарға арналған курстарды ұйымдастырып, оқыту және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету. Орталықта кондитерлік, тігіншілік, компьютерлік сауаттылық, шаштараз, СММ кәсібін меңгеру, дефектолог-логопед мамандарды даярлау да қолға алынып отыр. Алдағы уақытта «Қамқорлық» отбасы орталығы аудандарда да ашуда жоспарланып отыр.

Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі және мәдениет пен адамгершілікті қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы деуге болады. Халқымыздың рухани байлығының бірі – отбасы құндылықтары десек қате емес.
Жалпы, отбасылық құндылықтар отбасы ішіндегі салауатты және бақытты қарым-қатынастың негізін құрайды. Құндылықтар үйлесімділікті, сенім мен сыйластықты қалыптастыруға, сондай-ақ жеке тұлғалардың дамуына және отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Шексіз сүйіспеншілік, құрмет, сенім, жауапкершілік және білімге деген ұмтылыс отбасына қиындықтарды жеңуге және бірге бақытты, тұрақты өмірге қол жеткізуге көмектесетін негізгі принциптер болып саналады.
Міне осындай принциптерге негізделген отбасы тату, кикілжіңді бірге отырып шешетін, психологиялық тұрғыда сау азаматтарды өсіріп шығарады. Бұл мемлекетіміз үшін аса маңызды дүние.
Осы ретте елімізде 1995 жылы Қазақстан Президенті жанынан Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселесі бойынша кеңес құрылды. Үш жылдан соң аталған ұйым Қазақстан Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссиясы деп өзгертілді.
Нәтижесінде, оның құзыреті өсті, алар орны мен шекарасы кеңейді. Қазір комиссияның еліміздегі барлық облыстарында және Астана, Алматы қалаларында өкілдіктері бар. Ұлттық комиссияның отбасылық саясатты дамыту, ұрпаққа үлгілі тәрбие беру жөніндегі алдағы жылдарға арналған жоспары бекітіліп, өңірлерге таратылған.
Осыны негізге ала отырып, облыстар өзінің өңірлік ерекшеліктеріне сай, іс-шаралар жоспарын жасап, тұрақты қызмет атқарып отыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.