Түркістан облысындағы отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамыту бағытында соңғы жылдары бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылды. 2024–2025 жылдары қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар өңірдегі отбасы институтын нығайтуға бағытталған,- деп хабарлайды turkistan.today
Айта кетелік, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында: «Мемлекеттік саяси қызметшілер құрамында әйелдердің өкілдік етуі саласында оң серпін жоқ. Жұмыс істейтін 728 мемлекеттік саяси қызметшінің 65-і немесе 8,9 %-ы әйелдер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы әйелдердің үлесі 9 %-ды құрайды. Ал, Испания мен Финляндияда Үкімет мүшелерінің 60 %-дан астамы әйелдер» делінген. Жергілікті (аумақтық) атқарушы органдардағы басшы лауазымдарда әйелдердің өкілдік етуінде үлкен өзгерістер байқалмайды. Облыс әкімі лауазымындағы әйелдердің үлесі − 5,9 % (17 облыстың 1-уі). Барлық 17 өңірде әйел әкім орынбасарларының үлесі 9,3 %-ды құрайды. Облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің және олардың бірінші орынбасарларының жалпы құрамында әйелдер 9,5 %-ды құрап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарында әйелдер үлесін кезең-кезеңімен 30 %-ға дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.
Бүгінде Түркістан облысы халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Өңірдегі аналар тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда. Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар. Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31%-ында іскер ханымдар басшылық жасап отыр. Бүгінгі таңда 728 мемлекеттік саяси қызметшінің 65-і немесе 8,9 %-ы әйелдер. ҚР Үкіметінің құрамындағы әйелдердің үлесі 9%-ды құрайды. Ал Испания мен Финляндияда Үкімет мүшелерінің 60 %-дан астамы әйелдер деседі. Облыс әкімі лауазымындағы әйелдердің үлесі – 5,9% (17 облыстың 1-уі). Барлық өңірде әйел әкім орынбасарларының үлесі 9,3 %-ды құрайды. Облыстар, астана республикалық маңызы бар қала әкімдерінің және олардың бірінші орынбасаралары жалпы құрамында әйелдер 9,5 %-ды құрап отыр. 2024 жылдың ақпан айындағы ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда Түркістан облысы халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көпбалалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Облыста демографиялық өсу деңгейі жоғары дәрежеде. Биылғы жылдың 9 айында 30 мыңнан астам бала дүниеге келген. Соның ішінде егіздер саны – 345 болса, үшем – 7-еу. Ардақты аналар саны бойынша өңіріміз көшбасшылар қатарында. Өңірдегі аналар отбасыларды ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етуде. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда.
Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер әйел бар. Оның 68 мыңға жуығы қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31,9 %-ында іскер ханымдар басшылық жасап отыр. «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» бойынша облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жауапты өкілдердің сөзінше комиссияның мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарымен жыл басынан бері бірқатар ұйымдық іс-шаралар жүзег асырылды. Облыстың әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек көрсетіп келеді. Өңір бойынша шамамен 213 мыңнан аса кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуығы шағын және орта бизнеске басшылық ететін әйелдер қауымы. Статистикалық мәлімет бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің 31,9%-ынла әйелдер басшылық етеді. Демек, Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлер. Ол әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» орталығы өткен жылы Түркістан қаласында ашылған болатын. Бұл орталықтың мақсаты – кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдай жасау. Қазіргі таңда орталыққа 2 мыңнан астам кәсіпкер әйелдер, кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер және бастауыш стартаперлер кеңес алу үшін жүгініп отыр. Бүгінгі таңда өңірде іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 1564-і немесе 27,3%-ы әйелдер. Оның ішінде, 249-ы немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады. Соның ішінде өңірде әйелдердің ең көп бөлігі білім беру мен денсаулық сақтау салаларында қызмет етеді. Облыста отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасудың алдын ала бағытында түрлі жобалар ұайымдастырылуда. Атап айтсақ, «Отбасы бақыт мекені», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Жас отбасындағы қақтығыстар», «Жанұя – бақыт тілегі», «Тәрби тал бесіктен басталады», «Ұлттық құндылық – отбасы тәрбиесінде», «Тәртіп-тәрбие бастауы», «Отбасы ең үлкен құндылық» тақырыптарында отбасыларға 10 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 500-ге жуық отбасы қамтылды. Соның аясында Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Түркістан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, Түркістан облысы әйелдерді қолдау үкіметтік емес ұйымдарының бірлескен жоспары бекітілген. Осы жоспар аясында комиссия тарапынан отбасылық-тұрмыстыұ қатынастар саласында әйелдер мен балалардың құқықтарын өорғау бойынша оң жұмыстар атқарылған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.