Түркістан облысы отбасылық құндылықтарды жаңғыртуда жаңашыл қадамдарды орындауда

Түркістан 22 шілде, 2025

Түркістан облысы отбасылық құндылықтарды сақтау мен жаңғыртуда жаңашыл қадамдарды орындауда,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан облысы отбасылық құндылықтарды сақтау мен жаңғыртуда жаңашыл қадамдарды орындауда. «Отбасы – қоғам тірегі» бағдарламасы, нәтижелі қолдау орталықтары, мемлекеттік жобалар, мәдени шаралар – осының бәрі отбасылық институттың әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұл жұмыс тек демографияны емес, ұлттық рух пен болашақты қалыптастыратын маңызды сала.

Ортақ рухани-мәдени, әлеуметтік қолдау және институционалдық жаңашылдық — бұл бағыттың табысты болашағының кепілі.

Айта кетелік,  2023 жылы Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы өтті. Елімізде ерекше сипатқа ие болып, дәстүрлі бағытта өткізіліп жатқан конкурс жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтап, жеңімпаздарға облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатын табыстады.

Жалпы конкурсқа 143 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 31 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін жанұядағы жарасымдылық пен өзіндік қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 6 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарды

Конкурс қорытындысына сәйкес І орынды Абилдаевтар отбасы (Төлеби ауданы), ІІ орынды Айтбаевтар отбасы (Түлкібас ауданы) мен Бейсенбаевтар отбасы (Түркістан қаласы), ІІІ орынды Смайловтар отбасы (Қазығұрт ауданы), Ақжаровтар отбасы (Шардара ауданы), Ергешовтар отбасы (Сарыағаш ауданы) иеленді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 10 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығы белгілі. Себебі қазақ халқы үшін отбасы деген қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады. Бұл талайды қанаттандырып, талай адамға алтын бесік болған киелі шаңырақ.

Айта кетейік, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау болып саналады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.