Түркістан облысы: перзентханалық қызмет пен сапа

Түркістан 10 қазан, 2025

Түркістан өңірі соңғы жылдары тек тарихи-мәдени орталық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-медициналық салада да айтарлықтай өзгерістер мен жаңашылдықтарға куә болуда. Ана мен бала денсаулығын қамтамасыз ету — өңір басшылығының басты назарында. Перзентханалар мен перинаталдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне бағытталған жобалар тұрғындардың сенімін арттырып, ана өлімі көрсеткішін төмендетуге, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету қабілетін күшейтуге және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін көмектің сапасын жоғарылатуға нақты әсер етті,- деп хабарлайды turkistan.today

Заманауи жабдықтармен толық жабдықталған жедел жәрдем көліктері облыстың барлық аудандары мен қалаларына таратылып, жедел жәрдем қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа техниканың медициналық құрал-жабдықтары ересектерге де, 1 жастан асқан балаларға да арналған. Автокөліктер портативті өкпені жасанды желдету аппаратымен, дефибриллятормен, жүрек-өкпе реанимациясына арналған жиынтықпен, электрокардиографпен жабдықталған.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жедел жәрдем көліктерін тапсыру рәсімінде бұл бастаманың мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы – мемлекет үшін ең қымбат құндылық» деген қағидатына негізделгенін атап өтті.

-Халықтың денсаулығы – мемлекеттің басты байлығы. Денсаулық сақтау саласын дамыту – біздің басты міндетіміз. Бүгін табысталып отырған көліктер дәрігерлеріміздің күнделікті еңбегін жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын едәуір жақсартады. Бұл – халыққа жақын болудың нақты үлгісі. Бұл көліктер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Адал еңбекпен халық алдындағы абыройларыңыз арта берсін, – деді облыс әкімі.

Соңғы жылдары Түркістан облысында медициналық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ауқымды жобалар қолға алынған. Атап айтқанда, Түркістан қаласында 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл нысан іске қосылғанда 1200-ден астам медицина қызметкері жұмысқа тартылады. Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қорымен әріптестік аясында 80 төсек-орындық перзентхана салынуда. 60 орындық оңалту орталығының құрылысы аяқталып, жақын арада пайдалануға беріледі. Сарыағашта 300 орындық көпбейінді кешен, Ордабасыда 200 орындық перинаталдық орталық салу жобасы әзірленді. Ордабасы, Жетісай, Сарыағаш аудандарындағы орталық ауруханалар 4,1 млрд теңгеге жөнделді. Сайрам аудандық ауруханасында 3,1 млрд теңгеге күрделі жөндеу басталды. Енді ауданаралық ауруханалар МРТ, КТ, ангиограф сынды ауыр медициналық техникамен қамтылады.

Халық саны мен қажеттіліктің өсуіне байланысты, жедел жәрдем қызметіне деген сұраныс жыл санап артып келеді. Егер 2023 жылдың 8 айында жедел жәрдемге 512 мың шақырту тіркелсе, 2024 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 635 мыңға жеткен. Яғни, 123 мың шақыртуға артқан. Осыны ескерген өңір басшылығы 2023 жылы да 88 санитарлық автокөлік сатып алған болатын. Бұған қоса, 2 реанимобиль нәрестелерге арналған арнайы көлік ретінде сатып алынды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.