Түркістан облысы: Жазғы сауықтыру лагерлерінде санитарлық талаптар қатаң бақылауда

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 27 мамыр, 2025

Биыл облыс аумағында жалпы саны 32 (11 - мемлекеттік, 21 - жекеменшік) балаларды сауықтыру лагері жаз маусымында балалардың демалысын ұйымдастырады. Онда балалардың қауіпсіздігі үшін барлық санитарлық талаптар қатаң бақылауда. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«2025 жылдың жазғы маусымында өңірдегі 41 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру-лагерлерімен қамтылады. Облыс бойынша жаз мезгілінде мемлекеттік лагерлерде 7 ауысымда 16 718 баланы қамту жоспарлануда. Биылғы жылы 5 мемлекеттік лагерге 52 модульді жатақхана қойылып, 7500-ден астам қосымша орын ашуға жағдай жасалуда. Ал, 21 жекеменшік лагердің әрбірі бір ауысымда 5 400 баланы қабылдауға дайын»-деді спикер.

Сонымен қатар,  департамент басшысының орынбасары тамақтан улану жағдайлары бойынша облыс аумағындағы ахуалды баяндады.

«Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану саласы бойынша 3 883 кәсіпкерлік нысанды бақылауға алған. Соңғы жылдары облыс көлемінде қоғамдық тамақтану орындарында жаппай тағамнан улану жағдайының тіркелуі жиілеген. Соңғы үш жылда Арыс, Кентау, Келес, Түркістан және Сайрам аудандарында 5 жағдай тіркеліп, 200-ден аса адам зардап шеккен. Биылғы жылдың наурыз айында Түркістан қаласында 68 адам тез дайындалатын фаст-фуд өнімдерінен уланған» - деді спикер. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.