Түркістан облысында 100-ден астам ретсіз қоқыс полигондары тазартылды

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Түркістан 18 қыркүйек, 2024

Тексеру нәтижелері бойынша 83 нұсқама берілді

Жыл басынан бері ғарыштық мониторинг арқылы Түркістан облысы аумағында рұқсат етілмеген 278 қоқыс тастайтын орын анықталған,- деп хабарлайды turkistan.today

Бүгінгі таңда оның 109-ы толықтай тазартылды. Ал, рейдтік іс-шаралар нәтижесінде жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 3 045 900 теңге айыппұл салынған. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Қадырхан Бейсенбаев брифингте мәлімдеді. 

-Мемлекеттік экологиялық бақылау департаменті тарапынан экологиялық заңнама талаптарының сақталуына байланысты 28 тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, 88 профилактикалық бақылау жасалды. Тексеру нәтижелері бойынша 83 нұсқама берілді.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша экологиялық заңнаманы бұзған 223 жағдай анықталып, 467 514 186 теңге айыппұл салынды. Оның ерікті түрде 38 812 605 теңгесі өндірілсе, қалған соманы мәжбүрлеп өндіріп алу үшін іс сот орындаушыларға жолданды. Ал, жұмысын уақытша тоқтату бойынша сотқа 4 талап-арыз тасталып, толық қанағаттандырылды -, деді спикер.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.