Түркістан облысында 1300-ден аса нысан санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға сай деп танылған

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 9 желтоқсан, 2024

Түркістан облысында 2024 жылы «Е-лицензия» жүйесі арқылы аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 3 661 өтініш тіркелген,- деп хабарлайды turkistan.today

Оның ішінде 1343-іне нысандардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкесітігі туралы қорытынды берілген. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар  Ысқақов брифингте мәлімдеді. 

«Түркістан облысы аумағындағы нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін  Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармаларының құзыретінде. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 13 жұмыс күнін құрайды»- деді спикер. 

Сонымен қатар, Асқар Бекболатұлы нысанға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің тәртібі барын айтып, белгіленген мерзімде жұмыстар атқарылатынын тілге тиек етті.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.