Түркістан облысында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстары аяқталды

Түркістан Бүгін, 15:00

Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстарын аяқтады. Аталған жұмыстар облыстың үш ауданында: Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Сор шаю жұмыстары жыл сайын егіс алқаптарында ылғал көлемін ұлғайту, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімділігін жақсарту үшін жүргізіледі.

«Ауыл шаруашылығы алқаптарына уақытылы және тұрақты су берудің нәтижесінде өңірдің шаруа қожалықтары жақсы өнім алуда. Біздің филиал жергілікті шаруаларды суармалы сумен қамту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Кейбір дихандар алғашқы өнімдерін жинап, ішкі нарықта сатуға және экспортқа жіберіп жатыр», - деді Түркістан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.