Түркістан облысында 1 449 балабақша санитарлық бақылаудан өткен. Оның 268-і мемлекеттік, 1 135-і жекеменшік болса, 46-сы мектеп жанынан құрылған шағын орталықтар,-деп хабарлайды turkistan.today
Нысандардың санитарлық-гигиеналық және техникалық жағдайы, жиһаздармен жабдықталуы, сыйымдылығы, қызметкерлердің медициналық бақылаудан уақытылы өтуі, тамақтың сапасы мен қауіпсіздігі, нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы назарға алынған. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Нышанов брифингте мәлімдеді.
Спикер былтыр Келес ауданындағы балабақшаның асханасында санитариялық-гигиеналық талаптың бұзылғаны бойынша дерек анықталғанын жеткізді. Сондай-ақ, жалпы балабақша асханасында рұқсат етілмеген бірқатар азық-түлік өнімдері жайында айтты.
Атап айтқанда, пастерленбеген сүт, сүзбе, қаймақ өнімдері, кремі бар кондитерлік өнімдер, фаст-фудтар мен гамбургерлер, ход-догтар, пиццалар, наггетстер, дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нандар, йодталмаған тұз, байытылмаған бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға тыйым салынған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.