Түркістан облысында 2025 жылдың I жартыжылдығында өзіндік кірістер көлемі артқан

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 21 шілде, 2025

Түркістан облысында 2025 жылдың I жартыжылдығының қорытындысымен жергілікті бюджетке 139,2 млрд. теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 116,7%-ға орындалды. Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы саладағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауаптыларға жұмысты ширату, кіріс көздерін ұлғайтуға басымдық беру керектігін тағы да ескертті,- деп хабарлайды turkistan.today

– Аудан, қала әкімдері бюджет кірістеріне арналған жоспарды толық әрі сапалы орындауы тиіс. Екінші тоқсанның қорытындысымен игерілмеген қаржылар бойынша бірінші басшылардың жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын, – деген Нұралхан Көшеров жоспарды орындамаған аудан, қада әкімдеріне сын-ескертпе айтты. 

Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаевтың айтуынша, 6 ай нәтижесінде салықтық түсімдер бойынша жоспар 105,9 млрд. теңге болса, бюджетке нақты түскені 121,5 млрд. теңге. Яғни, 15,6 млрд. теңгеге артығымен орындалған (114,7%).  Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 11,6 млрд. теңге болса, 14,6 млрд. теңге түскен. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспары 1,8 млрд. теңге болса, нақты түскені – 3,1 млрд. теңге.  Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 15,3%-ға жетті. Есепті кезеңге жоспар 19,9 млрд. теңгеге артығымен орындалған. Оның ішінде табыс салығынан 8,9 млрд. теңге, әлеуметтік салықтан 1,6 млрд. теңге, меншік салығынан 3,8 млрд. теңге, тауарлар мен қызметтерге салынатын ішкі салықтардан 795,7 млн. теңге, міндетті төлемдер есебінен 403,3 млн. теңге қазынаны толықтырған. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.