Түркістан облысында 270 мыңнан аса адамға тұмау және ЖРВИ-ға қарсы екпе салынды

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 16 қаңтар, 2025

Түркістан облысында 2024 жылы тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесін тұрғындарға егу жұмыстары жүргізілді. Жалпы өңір тұрғындарының 12,9%-на екпе егілген. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Түркістан облысы бойынша 2024-2025 жылдардағы  эпидемиялық маусымда  9 қаңтарға дейін ЖРВИ-дің 125 804 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 69 142 жағдай, 1 жасқа дейінгі балаларда - 9985, жүкті әйелдерде - 7143 ЖРВИ аурушаңдығы анықталды. Жалпы инфекциялық ауруларға, әсіресе ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақсыздығымен сипатталатыны жасырын емес. Аурушаңдық кез-келген уақытта тез көтеріліп, асқыну жағдайы орын алуы ықтимал. Бұған еліміздің алыс-жақын шетелдермен, оңтүстік-шығыс Азия елдерімен саяси-экономикалық, туристік қарым-қатынастың белсенді дамуы өз ықпалын тигізетіні айқын», - дейді спикер.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары  Бауыржан Сатыбалды қазіргі таңда аймақтағы эпид ахуал туралы баяндады.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 685 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде ересектерге арналған - 240, балаларға арналған - 445. Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орында жатқан науқас саны – 486, оның ішінде ересектер саны – 199 болса, жүті әйелдер – 66, сондай-ақ 221 бала тіркелген», - деді Бауыржан Нұрланұлы.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.