Түркістан облысында 500-ге жуық білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілген

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 17 ақпан, 2025

2024 жылы Түркістан облысында 498 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілген. Оның қатарында 193 балабақша, 304 мектеп, 1 колледж бар. Нәтижесінде 32 балабақша, 49 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өткен. Бұл жайында Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Облыстағы 441 білім беру ұйымында қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Оның ішінде, 407 мекеменің білім беру қызметі - мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттық талаптарына сәйкес келіп, қайта аттестатталды. Сондай-ақ, 89 мектептің білім беру қызметімен айналысатын мемлекеттік лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бұдан бөлек, департаментке 2024  жылдың есебі бойынша, «Е-Өтініш» порталы арқылы 328 өтініш түскен. Оның ішінде, 45 өтініш бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған. Оларға 39 нұсқама беріліп, 12 әкімшілік іс қозғалды»- деді спикер.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.