Түркістан облысында шаруаларды ағын сумен қамту, су нысандарын реттеу бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров салаға жауапты мекеме басшыларымен жиналыс өткізіп, ағын суға қатысты мәселелерді талқылады. Басшыларға тиісті тапсырмалар берді,- деп хабарлайды turkistan.today
– Мемлекет басшысы су нысандарын реттеу және жөндеу, су үнемдеу технологияларын енгізу міндетін жүктеді. Бұл тапсырманың Түркістан облысы үшін маңызы зор. Біз шаруаларды қажетті ағын сумен қамтудың барлық мүмкіндігін қарастыруымыз керек. Екіншіден, аудан, қалалардағы су қоймалардың айналасына ағаш көшеттерін егу жұмыстарын қолға алуды тапсырамын. Су нысандарының құрылысы қатаң бақылауда болады, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Құралбеков пен «Тұран су» мекемесінің басшысы Д.Лесовтың есептері тыңдалды.
Қазіргі таңда аймақтағы су қоймаларда жиналған су көлемі өткен жылмен салыстырғанда жақсы деңгейде. Бүгінгі күнге су қоймаларға нақты 5 165,6 млн м3 су жиналған немесе 59 %-ға толған.
Аймақта көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін, «Бәйдібек ата», «Боралдай», «Қарақуыс», «Иқан су» су қоймаларын салу жобалары әзірленді. Жобалар толық іске асқан жағдайда «Бөген» су қоймасына қосымша 120,3 млн м3 ағын су жеткізіліп, Түркістан қаласы аумағындағы ауылдарда ағын су мәселесі шешімін табады. Бүгінде «Бәйдібек» ата су қоймасының құрылысы басталды. «Қарақуыс» және «Қапшағай» су қоймасында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы 7 су нысанын күрделі жөндеуге, 6 нысаның механикалық тазалауға 9,3 млрд теңге бөлінді. 2025 жылға 12 су нысанын күрделі жөндеуге, 1 нысанды механикалық тазалауға 5,4 млрд теңге қарастырылып отыр.
«Тұран су» мекемесіндегі өзгерістер өз тиімділігін дәлелдеді. Кәсіпорынның теңгерімінде 18 су қоймасы, 3 су торабы, 107 канал, 3 өндірістік-техникалық базасы және 81 арнайы техникасы бар. 2024 жылы кәсіпорын арқылы облыстық бюджет есебінен 9 су нысанының 96,42 шақырымына күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда орындалғаны – 46,02 шақырым. Мекеменің ауданға берілген эксковаторларының күшімен 1197,9 шақырым канал және қашыртқы механикалық тазалаудан өткізілген. Сонымен бірге кәсіпорын меншігіндегі арнайы техникалардың күшімен облыстағы 200 метр өзен арналарын нығайту және тазалау, 100 метр су қойма бөгетін қалпына келтіру жұмыстары атқарылған. Су үнемдеу технологиясын өндіретін кәсіпорын ашылып, жұмысын бастаған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.