Түркістан облысында алғаш рет модульді 5 жазғы лагерь іске қосылады

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 21 мамыр, 2025

Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді 5 жазғы лагерь іске қосылады. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 54 модульдік жатын бөлме, 2 асхана, 4 әжетхана орнатылады,- деп хабарлайды turkistan.today

Бұл бастама - лагерлердегі орын тапшылығын шешуге бағытталған. Мәселен, «Төлеби Нұры», «Тау шыңы», «Балауса», «Тау барысы» және «Балдәурен» лагерлеріне орнатылатын модульдер бір ауысымда 1 мыңнан астам баланы қабылдайды. Жалпы жазғы маусымда бұл лагерлерде 10 мыңға жуық бала демалады деп жоспарланып отыр.  
Сондай-ақ, облыстағы жазғы сауықтыру кешендерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы ретте, өңірдегі «Самал» жазғы сауықтыру лагері 20 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Жалпы Түркістан облысында биыл 41 мыңнан астам бала 31 жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Балаларға арналған бұл демалыс тек тынығу емес, тұлғалық, шығармашылық және рухани дамуға бағытталған маңызды кезең. Осыған орай, лагерлерде әр күнге жоспарланған ойын-сауық, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Айта кетейік, 1 маусымнан бастап Түркістан облысының балаларына жазғы сауықтыру кезеңі басталады. 
 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.