Түркістан облысында “Ауыл- ел бесігі” бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 26 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданында «Ауыл – Ел  бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені ашылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Спорт кешенінің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жәнібек Сүлейменов, аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихатың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, зиялы қауым өкілдері, жас спортшылар мен ауыл тұрғындары қатысты.

– Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен бүгінде облысымызға қарасты шалғай ауылдарда әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға басымдық берілуде. Мемлекет тарапынан спорт саласын дамытуға көптеп көңіл бөлініп келеді. Жаңа спорт кешені спортшыларымыздың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады деген сенімдемін. Еліміздің жігерлі жастарын дайындайтын жаңа спорт кешені құтты болсын, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Спорт кешені қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда волейбол, баскетбол, күрес, бокс, дзюдо және басқа да жаттығу залдары бар. Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, жастарды спортқа баулуға қызмет етеді. Заманауи үлгіде жабдықталған спорт кешенінде бір уақытта 100-ге жуық ауыл тұрғыны спортпен шұғылдана алады.

 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.