Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 142 елді мекенде жұмыстар жүргізілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 19 мамыр, 2025

Түркістан облысында 2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 142 елді мекенде 140 жобаны (54 – өтпелі, 86 – жаңа жобалар) іске асыруға 21,8 млрд. теңге бөлінді,- деп хабарлайды turkistan.today

Атап айтқанда, осы қаржы арқылы 7 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, 17 спорт нысанының құрылысы және 1 спорт мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары жүреді. 10 мәдениет нысаны салынып, 6 нысан күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен бірге 2 ауыз су нысаны күрделі жөндеуден өтіп, 7 электр қуатымен жабдықтау нысанының құрылысы жүреді. 90 жоба ішкі көшелерді орташа жөндеуге бағытталған. 

Аталған жоба аясындағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауаптыларға міндеттерін сапалы атқаруды тапсырды. 

– «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясындағы жұмыстарды уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырамын. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту керек. Әрбір жоба зерделеніп, қадағаланады. Жалпы облыс аумағындағы құрылыс нысандарының бәрі бақылауда тұр. Облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері жұмысты ширатып, сапалы атқарсын. Аймақты дамыту жоспары, индикаторлардың орындалуы бойынша арнайы зерделеу жүргізіледі, – деді Нұралхан Көшеров. 

Мәжілісте өңірді ауыз сумен қамту және «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру мәселелері де талқыланды. Түркістан облысындағы қалалар ауыз сумен толық қамтылса, ауылдардың қамту көрсеткіші жыл сайын ұлғайып келеді. Арыс, Шардара, Ленгір, Сарыағаш қалаларындағы ауыз су жүйелерін реттеу мәселесі айтылып, тиісті ұсыныстар берілді. Ауыз сумен қамту бойынша облыста 63 жоба жүзеге асырылуда. Оның 7-еуі қалада болса, 56 жоба ауылдарда жүзеге аспақ. Биыл 36 жоба жүзеге асып, 30 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылса, 7 елді мекеннің су құбырлары жаңартылады. 2 елді мекенге су құбырлары салынады. 

Облыста «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 29 мектептің құрылысы жоспарланса, бүгінде 13 мектеп тапсырылған. 9 мектепте оқу процесі басталған. Биыл қалған 16 мектеп тапсырылады деп күтіліп отыр. Білім ұяларының құрылысы облыс әкімінің қатаң бақылауына алынған. Мектептерді білікті басшылармен және ұстаздармен қамту жұмысы да назарда тұр.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.