Түркістан облысында ауыл шаруашылығының капиталына 130 млрд теңге инвестиция тартылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 2 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Көрсеткіш қандай? Нендей мәселелер бар? Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мәселе күн тәртібіне қойылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы – өңірдің негізгі драйверінің бірі екеніне тоқталып, жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды. 

– Ауыл шаруашылығында өнім көлемін ұлғайту индикаторы толық орындалуы тиіс. Салаға инвестиция тарту, өсімдік, мал шаруашылығында өнімді молайту, техникалық паркті жаңарту бағытында да міндеттер жүктелген. Жыл сайын су тапшылығы сезіліп жатыр. Аудан, қалаларда су үнемдеу технологияларын енгізу қажет. Тапсырманы орындай алмаған сала басшыларына тиісті шара көріледі. Әрбір индикатордың артында елдің әлеуметтік жағдайы тұр. Сондықтан жұмысты күшейтіңіздер, – деген Дархан Сатыбалды көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтты. 

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, 10 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемінің өсімі 105,8 пайызды құрап, 957,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Аудан, қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, өсімдік шаруашылығы бойынша дәнді дақылдар 1,3 есе (1061,1 мың тн.), картоп дақылы 115 пайызға (330,1 мың тн.), көкөніс 103 пайызға (1231 мың тн.), бақша 114 пайызға (1967 мың тн.), малазықтық дақылдар 111 пайызға (5,5 млн. тн.) артығымен жиналған. 11 ай және жыл қорытындысымын мәліметтерді толық статистикалық есепке енгізуді қамтамасыз ету қажет. 

Ауыл шаруашылығы техникалар паркін 6,5 пайызға жаңалау жоспарланған. Бүгінгі күнге, 1 655 дана техника сатып алынып, жаңалау үлесі 6,5 пайызды құрап, жылдық жоспар орындалған.

Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына 130 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе (145,7 %), тамақ өндірісінің негізгі капиталына 22,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе (186,9 %) артқан.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында, жыл басында 16 даму көрсеткіштері бекітіліп, ай сайын тұрақты рейтингтік бағалау жұмыстары жүргізілуде. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.