Түркістан облысында биыл 41 мыңнан астам бала жазғы-сауықтыру лагерлеріне барады

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 2 маусым, 2025

Түркістан облысында биыл алғаш рет модульдік лагерь қолға алынып отыр. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерге 52 модульді жатақхана қойылды. Нәтижесінде мемлекеттік лагерлерде 7500-ден астам қосымша орын ашылды. Бұл туралы Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Облыстағы 1-10 сыныптарда білім алатын 439 мыңнан астам оқушының 93,5% жазғы демалыспен қамтылады. Бюджет есебінен 10 мемлекеттік, 21  жекеменшік лагерде 41 мыңнан астам  бала демалса, қалған 400 мыңға жуық оқушы жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады. Биылғы жылы жекеменшік лагерлерде жазғы демалыспен қамту үшін 8 ауданнан  11 500 балаға бөлінген қаржы мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланып, жеңімпаздары анықталды. Жалпы өңірдегі 10 мемлекеттік және келісім шарт түзілген жеке меншік лагерлерде 35338 бала демалатын болады. Мемлекет тарапынан бір балаға - 59 077 теңгеден бөлінеді. Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» қоры есебінен 2 465 бала, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына 420 бала, ата-ана есебінен 5000-ға жуық бала жазғы лагерлермен қамтылады. Туристік 1 күндік жорықтар мен экскурсияларға 75 129 оқушы барады деп жоспарлануда»-деді спикер.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.