Түркістан облысында бюджеттік түсімдер мен кірістер көлемі артуда

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 11 наурыз, 2025

Түркістан облысында 2025 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке 44,6 млрд. теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 180,7%-ға орындалды. Бұл – республика деңгейінде 5-ші нәтиже. Қаржы саласындағы мәселелер, облыстың өзіндік табысы мен кіріс көздерін ұлғайту жоспары облыс әкімі аппаратының мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы бағытта жұмысты жандандыра түсуді тапсырды,- деп хабарлайды turkistan.today

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірдегі халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмыс сапасын жақсарту міндетін жүктеді. Қаржы және салық саласындағы жұмысты жандандыра түсу қажет. Кіріс көздерін ұлғайтыңыздар. Аудан, қала әкімдері жауапты басқарма мен департаментпен бірлесе жұмыс атқарсын. Біз Түркістан өңірінің өзіндік табысын арттыруымыз керек, – деді Нұралхан Көшеров. 

Мәжілісте Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы Қайрат Елібаевтың айтуынша, жоспардың артығымен орындалуы табыс салығынан – 8,1 млрд. теңге, меншік салығынан – 1,7 млрд. теңге, жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдарынан – 1,7 млрд. теңге және өзге де түсімдер есебінен орындалып отыр. Салықтық түсімдер бойынша бюджетке 38,5 млрд. теңге түссе, салықтық емес түсімдер бойынша 4,6 млрд. теңге түсіп, жоспар артығымен орындалды.

Мәжілісте облыста «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылуы және хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша да есептер тыңдалып, жауаптыларға тиісті міндеттер жүктелді.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.