Түркістан облысында демалыс орындарының қауіпсіздігі мен тазалық жұмыстары күшейтіле түсті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 21 шілде, 2025

Түркістан облысында демалыс орындарының қауіпсіздігі мен тазалығына қатысты жұмыстар күшейтіле түсті. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров туристік орындардың тазалығын, қауіпсіздігін жақсарту бағытындағы қарқынды жұмысты жалғастыру керектігіне тоқталды,- деп хабарлайды turkistan.today

– Аудан, қалалардағы су нысандарына арнайы белгілер орнатуды және судағы қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауды жалғастырыңыздар. Облыс аумағында туристік инфрақұрылымды дамыту, сапалы қызмет көрсету мен жағажайдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Кемшілікке жол берген басқарма басшылығы мен аудан, қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарларының жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс енгізілсін. Туризмді дамыту – басым бағыт. Жұмысты жандардыру қажет, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілістің күн тәртібі бойынша Облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов пен Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Асқар Төлешевтің есептері тыңдалды. 

Түркістан облысында туристерге қызмет көрсететін 245 орналастыру орны, 298 демалыс орны және 117 емдік-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Әсіресе жазғы маусымда «Шардара» су қоймасы, Балықты көлі және «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркіне туристер көп барады. Облыс аумағында  27 орында суға шомылуға рұқсат етілген. Шомылуға тыйым салынған 111 қауіпті орынға арнайы ескерту белгілері орнатылған. Бұл жұмыстар су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Алайда қауіпсіздік талаптарын орындамайтындар көп. Осы бағытта бақылау күшейтіледі. 

Облыстың туризм саласын дамытуға бағытталған қадамдық жоспар бекітілген. Аталған жоспар аясында аудан және қала әкімдіктеріне демалыс және туристік орындарда санитарлық тазалықты тұрақты түрде қамтамасыз ету тапсырылды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде де тиісті жұмыстар жүруде. Әр мекемеге өзіне қатысты міндеттемелер енгізіліп, тиісті тапсырмалар берілген. 

Мәжілісте туристік орындардың инфрақұрылымын жақсарту, туризм кластерін дамыту, қауіпсіздік талаптарын күшейту, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау бағытында ұсыныстар мен тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді. Облыстағы жағажайларда мониторинг, реттеу жұмыстары жалғасады. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.