Сарыағаш ауданында жазғы егін ору науқаны басталды. Егістік алқаптарында тынымсыз еңбек етіп жатқан аудан диқандары жайдары жаздың әрбір күнін тиімді пайдаланып, алтын дәнді дер кезінде қамбаға жеткізуге күш салып жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза елді мекеніне барып, астық ору науқанының барысымен танысты. Ауыл еңбеккерлерімен кездесіп, олардың жағдайын біліп, егін жинау жұмыстарын аралады.
Сапар аясында әкім «ТННК» ЖШС-ның егістік алқабында болды. Аудан басшысы астық жинау жұмыстарына қатысып жатқан диқаншыға алғысын білдіріп, жемісті еңбек тіледі. Серіктестік төрағасы Нұржан Ордабаевтың айтуынша, биыл 422 гектар жерге бидай егіліп, әр гектардан 15 центнерден өнім алынған. Бұл — ауа райының қолайсыздығына қарамастан, диқан еңбегінің нәтижелі болғанының айғағы.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.