Полиция, прокуратура өңір жастарымен бірлесіп, 100-ге жуық есірткі жазбалары, яғни граффитилер жойды
Есірткі қылмысы елді алаңдатып отыр. Ұлт қауіпсіздігіне қатер төнгізетін бұл кеселмен күрес Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан тоқтаған емес,-деп хабарлайды newsroom.kz
Мәселен тәртіп сақшыларының ағымдағы жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 дерекке тосқауыл қойды. Оның 267-сі қылмыс болса, 385-і теріс қылық. Есірткі сату 42 дерек, аса ірі көлемде есірткі сақтау 13 дерек, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру 67 дерек, есірткіні, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау, насихаттау бойынша 8 дерек.
Полиция, прокуратура өңір жастарымен бірлесіп, 100-ге жуық есірткі жазбалары, яғни граффитилер жойды. Заңсыз айналымнан 335 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді.
Есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 137 арнасының жұмысы тоқтатылды. Мысалы контрабанданың 127-сі Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына өту кезінде анықталған. Ал 10 жайт ҚР-нан Өзбекстанға өту сәтінде жолы кесілді. Күдіктілердің 88-і өзбекстандық, 37-сі тәжікстандық болып табылады. Ал трамадолға қатысты 2 қылмыстық іс, 1 теріс қылық тіркелді. 1000 дана трамадол дәрісі тәркіленді.
Сондай-ақ есірткі қойып кетуші 34 тұрғын анықталып, олардан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды.
Сонымен қатар тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.