Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Түркістан облысында осы бағытта жұмыс жүруде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өндіріс орындарын ашу, өзіндік кірісті ұлғайту, инвестиция тартуға басымдық берілген,- деп хабарлайды turkistan.today
Шет мемлекеттерге іссапарлар жасалып, маңызды меморандумдарға қол қойылды. Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтіп 301 млрд теңгені құрайтын 35 меморандум түзілді. Жұмыстар нәтижесінде өңірде негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 334,9 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 137,4%.
Тамақ өнімдерін өндіру – 76,3%-ға (25,8 млрд теңге), металл кендерін өндіру 45,2%-ға (205 млрд теңге), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 49,3 %-ға (221,8 млрд теңге) өсті. Нәтижесінде тамақ өнімдерін өндіру 76,3%-ға (25,8 млрд теңге), металл кендерін өндіру 45,2%-ға (205 млрд теңге), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 49,3%-ға (221,8 млрд теңге) өсті. 2024 жылы 126 млрд теңгеге 56 инвестициялық пул жобалары іске асырылды. 2300 жұмыс орны құрылды.
Облыс бюджеті былтыр 1 562,8 млрд теңгені құрады. Оның ішіндегі өзіндік кірістер – 253,1 млрд теңге (107,8%). 2024 жылға салықтық түсімдердің жоспары – 175,7 млрд теңгені құраса, нақты түсім 192,2 млрд теңгені құрап, жоспар 109,4%-ға орындалды. Бюджетке 16,5 млрд теңге артығымен түсті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсім 28,9%-ға артқан (2023 жылы – 149,1 млрд теңге). Салықтық емес түсімдердің жоспары 35,6 млрд теңге болса, нақты түсім 37,6 млрд теңгені құрап, жоспар 105,4%-ға орындалды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.