Түркістан облысында көгалдандыру және қоқыс полигондарын реттеу жұмыстары қатаң бақылауда

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 30 маусым, 2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағында елді мекендерді көналдандыру жұмыстары мен өзекті мәселелері талқыланды. Өңір басшысы жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жүйелеуді және жандандыруды тапсырды,- деп хабарлайды turkistan.today

– Облыста елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын күшейту керек. Ағаш отырғызуда кемшіліктер бар. Егілген көшеттердің сапасын қадағалау қажет. Бұл ретте жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдері арасында жүйелі байланыс орнатылуы тиіс. Әрбір әкімдік өкілдері қажетті көшетті тұқымбақтан өздері қадағалап, уақтылы алып кетсін. Көшетті арнайы қағидаға сәйкес отырғызып, сумен қамту, желден қорғау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын. Өңірге жерсінетін көшеттер егілуі тиіс. Барлық аудан, қалада өз тұқымбақтары болуы қажет. Осы бағытта тұқымбақ орналасатын жерді анықтап, нақты жұмыс жүргізіңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.

Жиналыста  Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтің есебі тыңдалды. Оның айтуынша, биыл  облыстың  аудан, қалаларына жалпы   1 миллионан астам көшет егу жоспарланып отыр. Көктем айларында  439 965 түп  көшет егілді. Одан бөлек аудан, қала әкімдіктерінің бюджеті және демеушілер есебінен 69874 түп көшет алынып, жалпы көктемгі маусымда 510 мың түпке жуық көшет отырғызылған. Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 1,1 млн көшет отырғызу іс-шарасына сәйкес, 801 елді мекеннің 90% көгалдандыруға 4 миллионға жуық көшет егу жоспарланған.

Облыс бойынша аудан, қала аумақтарында  2024 жылдың күзі және 2025 жылдың көктемінде отырғызылған көшеттердің жалпы өнімділігі 63,5 пайызды құрайды. Арыс, Түркістан қалалары, Созақ, Келес, Ордабасы, Шардара аудандарынан көшеттердің өнімділігі жоғары және сапалы. Ал Сарыағаш, Бәйдібек, Отырар, Жетісай аудандарында берілген көшеттер дер кезінде алынып, отырғызу жұмыстары жүйелі жүргізілмеген. Қоршау және суару жұмыстары нашар деңгейде, көшеттердің өнімділіктері төмен. Кентау қаласы және Мақтарал, Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төле би аудандарында басқармаға қарасты мекемелерден алынған көшеттерге тиісті күтіп-баптау жұмыстары дұрыс жолға қойылмаған.

Арыс қаласында көгалдандыру жұмыстары  жүйелі жүргізілуде. Бүгінгі күнге 50-60% елді мекендерді өздері өндірген көшеттермен қамтамасыз етуде. Талапқа сәйкес суару жүйелері, қажетті техникалық құралдарымен және арнайы цехтармен қамтамасыз етілген. Суаруға күндізгі және түнгі ауысымдар арқылы кезекшіліктер ұйымдастырылған. Күтіп-баптау жұмыстары жақсы деңгейде. Осы тәжірибені барлық аудан, қалада енгізу бойынша тапсырма берілді. 

Мәжілісте аймақтағы қоқыс полигондарын реттеу мәселесі де талқыланды. Жауапты тұлғалардың есептері мен пікірлері тыңдалды. Бүгінде облыс аумағында 128 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орны белгіленген. Оның 70%-ы санитарлық-экологиялық нормаға сәйкес келмейтіні анықталған. Қолданыстағы полигондарды санитарлық-экологиялық нормаға сәйкестендіру мақсатында 16 жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. 2024 жылы 3 полигонның құрылысына облыстық бюджеттен 598 млн. теңге қаржы бөлінді. «Қазақстан Ғарыш Сапарының» түсірілімі нәтижесінде  бей-берекет қоқыс тасталған 107 нүкте (8 ауданда) анықталып, 81-і жойылған. Қоқысты өңдеу, полигондарды реттеу бағытындағы жұмыстар жалғасады. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.