Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастық нысанындағы бірлестіктің президенті Инара Намазбаевамен кездесті,- деп хабарлайды turkistan.today
Кездесуде үкіметтік емес ұйымның өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарлары мен маңызды жобалары сараланды. Сонымен қоса, Конститутция күніне орай XII Азаматтық форумын ұйымдастыру және алдағы уақытта жұмыс қарқынын күшейту мәселелері көтерілді.
Облыс әкімінің орынбасары іс-шараларды креативті өткізуді қолға алып, жоғары деңгейде және тұрақты ұйымдастыру қажеттігін айтып, бұл саланы дамыту басты назарда екенін атап өтті. Іс-шараларды есеп үшін емес, қоғамға пайдалы етіп, жастар үлгі алып, ой түйетіндей деңгейде өткізу маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар осы салада креативті ұсыныстарға ашық екендігін жеткізді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.