Түркістан облысында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 30 мамыр, 2025

Биыл елімізде 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл туралы баспасөз жиынында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Гүлнар Күнтуғанова мәлімдеді,-деп хабарлайды turkistan.today

Һ«Санаққа дайындық жұмыстары 1,5 жыл бұрын басталды. Үкімет және облыс деңгейінде арнайы комиссия құрылды. Осы уақыт ішінде қажетті нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. Одан бөлек, осы салада өзге елдермен де өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі санақ кезеңдері басталғанға дейін осы жылдың 1-30 маусым аралығында Түркістан облысының 6 ауданында жеке қосалқы шаруашылықтарын алдын ала аралау шаралары жүргізілетін болады. Санақ жұмыстары онлайн және офлайн форматтарда өтеді. Ол үшін арнайы sanaq.gov.kz сайты мен 1446 жедел желісі іске қосылған. Санақ барысында облысымызда барлығы 310 мыңға жуық үй шаруашылығын және 90 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамту жоспарланған. Түркістан облысында санақ жүргізу үшін жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ барлық ерікті азаматтар санатынан 670-ден астам адамды интервьюер ретінде жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз»-деді сала басшысы.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.