Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында аймаққа инвестиция салу, өндірістік әлеуетін көтеру жөнінде келіссөз жүргізілді. Облыс әкімі инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді,- деп хабарлайды turkistan.today
– Сіздерді Түркістан облысында қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық, туристік әлеуетке ие. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Аймақтың агроөнеркәсіптік кешені елімізде көш бастап тұр. Республикадағы жалпы өнім көлемінің 13 %-ы өңірге тиеселі немесе 1 трлн. теңгеден астам қаржының өнімі өндіріледі. Өңірде индустриалды аймақтар және арнайы экономикалық аймақ бар. Онда инвесторларға жеңілдіктерді ұсынылады. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
Инвесторлар Түркістан облысындағы инвестициялық мүмкіндіктер мен қолдауларға ризашылықтарын білдірді. Ауыл шаурашылығы, терең өңдеу салалары бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді. Ауыл шаруашылығы қызметтерін ұсынумен және астық саудасымен айналысатын компания биыл өңірде жобаларын бастауды жоспарлап отыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.