Түркістан облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар 13 пайызға азайған

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 3 шілде, 2025

Түркістан облысында еңбек қатынастары саласында 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 834 азаматтан арыз-шағым түсіп, соның негізінде 174 тексеру жүргізілген.  Нәтижесінде 403 заң бұзушылық анықталып, 173 нұсқама берілген. Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Амангелді Әліш мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Биылғы жылдың 6 айында облыста 20 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, салдарынан 23 адам зардап шекті. Өкінішке орай 3 адам жұмыс орнында қайтыс болды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны 13 пайызға азайып отыр. Бұдан бөлек, биыл жыл басынан 6 кәсіпорында 4890 жұмыскер алдында 454,7 млн теңге жалақы қарызы анықталып, толықтай өндірілді.

Сондай-ақ, облыста шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру комиссиясында 34 кәсіпорынға 897 жұмысшыға рұқсат берілді. Оның 738-і маусымдық жұмысшыларға, яғни мақта шаруашылығына берілген. Өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асу нәтижесінде 19 319 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар департаменттің қатаң бақылауына алынған»-деді сала басшысы.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.