Түркістан облысында ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге беріледі

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан Бүгін, 15:46

Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі,- деп хабарлайды turkistan.today

Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында берілмек. Жалпы Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға  теңестірілген 3 017 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен 212,8 млн теңге қаржы қаралған. Бұл жайында Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанабілов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды. Оның ішінде 51-і Совет Одағының батыры, 1-і Халық қаһарманы және 8-і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалері атағын алған. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмек көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған»- деді спикер. 

Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысың ардагерлері мен Жеңіске қосқан елеулі үлесі бар 3008 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталса, 8 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысының атынан арнайы құттықтау адресаты тапсырылып, ҰОС ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулер өткізілетін болады. 

Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Байғұтов облыс аумағында ҰОС ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау көрсетуге мұқтаждығын анықтау мақсатында әлеуметтік карта жасақталғанын жеткізді. 

«Осы әлеуметтік карта негізінде жыл бойы ардагерлердің және олардың отбасыларының қажеттіліктеріне сәйкес аудан-қала әкімдіктері және демеушілер тарапынан жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, медициналық тексерулер мен оңалту қызметтері ұйымдастырылады. Жалпы жыл басынан бері 61 тыл еңбеккері санаторийлік-курорттық емдеумен және басқармаға қарасты мекемелерде сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз етілді.» - деді Самат Талғатұлы. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.