Түркістан облысында «Пиротехника» жедел профилактикалық шарасы өтуде

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 19 желтоқсан, 2024

Жаңа жыл мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, азаматтардың жарақат алуына жол бермеу мақсатында республика көлемінде «Пиротехника» жедел профилактикалық шарасы өтуде,- деп хабарлайды turkistan.today

Шараның басты мақсаты - пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салу қағидасын қалыптастыру. Бұл жайында Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров брифингте мәлімдеді. 

«Шараның бірінші ескерту кезеңі 5-12 желтоқсан күндері аралығында өткізілді. Онда полиция департаментінің қызметкерлері облысымыздың қала-аудандарында орналасқан сауда орталықтары мен дүкендерге арнайы барып қағаз түрінде ескертпелер таратты. Жеке кәсіпкерлердің арнайы лицензиясыз пиротехникалық бұйымдарды сатуына, сақтауына, тасымалдауына тыйым салынатыны айтылды. Екінші кезең 20 желтоқсан-3 қаңтар аралығында жүреді»- деді спикер. 

Бүгінгі күнге дейін өңірде жоспарға сәйкес, БАҚ өкілдерімен бірлескен 27 рейдтік шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасаған 80-нен астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Олардан 500-ге жуық сәйкестік сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, 3 млн 784 мың 300 теңге көлемінде айыппұл салынған.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.