Түркістан облысының полициясы ҚР ІІМ нұсқау хатына сәйкес есірткіге қарсы іс-қимылда маңызды қадам жасады. Алғаш рет ведомство жанынан Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес құрылды. Кеңес төрағасы ретінде Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қ.Сахов тағайындалды,- деп хабарлайды turkistan.today
Кеңес құрамында Түркістан облысында жастарымыз үлгі тұтатын танымал тұлғалар, өз ісінің кәсіби шеберлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Атап айтсақ, Есірткі құқық бұзушылығының профилактикалық саласы жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары лауазымына мәслихат депутаты С.Арыстанов, ал мүшелікке У.Рахиев, Е.Төлепов, Ә.Халиллаев, О.Алтаева, Л.Бекеева, М.Жұмаханұлы, Х.Мохаммад, Қ.Абенов, Е.Төлегенов, Қ.Зайнишев, А.Ілескен, Г.Кипчакбаевалар тағайындалды. Полиция тарапынан бұл азаматтарға арнайы куәліктер табысталды. Яғни есірткі қылмысына қарсы күрес, заң мен тәртіпті сақтау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау бағытында полиция, азаматтық қоғам және танымал тұлғалар күшін біріктірді.
Айта кетер болсақ, Түркістан облысының полицейлері ағымдағы жылдың 3 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 113 деректі анықтады. Заңсыз айналымнан 140 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледі. 3 айда 311 түсіндірме шараларын өткізіп, оған 34 мыңнан астам тұрғындар қатысты. Сондай-ақ 305 ақпараттық сайт анықталып, бұғатталды. 50 есірткі жарнамалаушы жазбалар өшірілді. Қызметтік иттердің көмегімен адамдар көп шоғырланатын орындарда 40 рет рейдке шықты.
Жиын соңында кеңес мүшелері ортақ мақсат жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізіп, естелікке суретке түсті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.