Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының мәжілісі өткізілді. Жиынға облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, терроризм мен экстремизмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру барысындағы өзекті мәселелер туралы тиісті мемлекеттік органдар мен қала, аудандардың есебі тыңдалып, оңтайлы шешімдер мен жүйелі шараларды үйлестіру мәселесі талқыланды.
Атап айтқанда, қазіргі таңдағы жастардың жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары қаралды. Экстремизм мен терроризм белгілері бар саяси-қоғамдық тұрақсыздандыру фактілеріне жол бермеу шаралары, сондай-ақ, ұлтаралық жағдай мен ұлттар арасындағы қақтығыстарды алдын алу профилактикасы сөз болды. Тәуекел топтар арасында профилактикалық шараларды жандандыру және ДДА идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мәселесі және оны шешу жолдары да ұсынылды.
Мәжіліс соңында мемлекеттік органдармен бірге жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстар мен талдау нәтижелері баяндалды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.